2019 жылғы 27 қазанда «Qazaq Geography» медиацентрінде Географиялық диктант өткізілген болатын. М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының атынан осынау ағартушылық мәнді ауқымды акцияға студенттер мен оқытушылар қатысты.
Акцияны ұйымдастырғандар – «Орыс географиялық қоғамы» (РГО) Бүкілресейлік қоғамдық ұйымы. Географиялық диктанттың басты өткізу алаңы – М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Шуваловский корпусы болды (Мәскеу). Мұнда географиялық білімді тексерушілер құрамында университет ректоры академик Виктор Антонович Садовничий, «Орыс географиялық қоғамының» президенті Сергей Шойгу, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар болды.
Нұр-Сұлтан қаласында Диктант РГО мен «Qazaq Geography» Республикалық қоғамдық ұйымы және М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының ұйымдастыруымен және Ресей ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен өткізілді.