2019 жылғы 30 қазан-1 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында Азия банкінің қолдауымен Бірінші инвестициялық МЖӘ форумы болып өтті. ММУ Қазақстан филиалының «Экономика» бағытындағы 2 курс магистранттары осы кең ауқымды іс-шараға қатысты.
«МЖӘ және инвестициядағы ESG факторлар» ашық диалогтік алаңында жеке меншік және мемлекеттік сектор өкілдері мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің мәселелері мен келешекте даму жолдарын талқылады. Форум аясында Қазақстан және Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан МЖӘ арасында «Өзара әрекеттер туралы» Меморандумға қол қойылды.
Филиалдың магистранттары өзара пайдалы әрекеттерге қатысты, халықаралық тәжірибелердің таралуы және жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді жасау жөнінде құнды мәліметтер алды. Қазақстандағы МЖӘ тәжірибесін тарату мүмкіндіктерін кеңейтетін жобалар бойынша жаңа келісімдерге қол қоылуының куәгерлері болды. Сол арқылы магистранттар МЖӘ құралдарын экономиканың барлық аяларына инвестиция тартудың тиімді тетіктеріне қалай айналдыруға болатыны туралы білді. Магистранттар тек Форумға қатысып қана қоймай, оны ұйымдастырушылар ретінде де танылды, магистрантымыз Назерке Қанат волонтер ретінде Форумды ұйымдастыруға өзінің үлесін қосты.