2019 жылғы 16 желтоқсан күні ММУ Студенттер үйінде «Экономика» мамандығы студенттеріне арналған іскери ойын өткізілді. Студенттердің коммуникативтік құзыреттерін дамытатын осынау іскери ойынды Қазақстан филиалының экономика кафедрасының оқытушылары ұйымдастырып өткізді.
Іскери ойынға 30 шақты студент қатысты, олардың әрқайсысына белгілі бір әлеуметтік рөл бекітіліп берілді. Алға қойылған міндетке сай, ойынға қатысушылар ұсынылған сыни жағдаятты қарастырды және талдады, қатысушыларда позитивті ұстанымдар қалыптасуы үшін қажетті коммуникативтік тәсілдерді қолданды, практикада өзін ұстаудың сөйлеу модельдерін және тиімді қарым-қатынас жасаудың модельдерін қолдануға дағдыланды.
Іскери ойын қатысушыларға өздерінің коммуникативтік дағдыларын бағалауға үйретті және табысты кәсіби тұлғасын қалыптастыруға қажетті білімі мен дағдыларын.