2019 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының «Рухани жаңғыру» конференц-залында белгілі экономист ғалым Додонов Вячеслав Юрьевичтің кітабының таныстырылымы болып өтті.
Додонов Вячеслав Юрьевич, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы – белгілі экономист ғалым. «Қазақстанның халықаралық инвестициялық ынтымақтастығы: үрдістер, факторлар, перспективалар» атты кітап – автордың көпжылдық ізденістерінің қазақ тілінде алғашқы шыққан басылымы.
Кітаптың таныстырылымы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2025 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру аясында өткізілді. Кітапта Қазақстанның халықаралық инвестициялық ынтымақтастығы дамуының басты бағыттары көрініс тапқан, еліміздегі инвестиция тарту және пайдалану перспективалары мәселелерінің негізгі мәселелері көрсетілген.
Жиналғандар алдында «Қазақстанның халықаралық инвестициялық ынтымақтастығы: үрдістер, факторлар, перспективалар» кітабының авторы Додонов В.Ю. сөз сөйледі, соңынан салтанатты түрде кітап байламының қызыл жібі кесіліп, тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Александр Владимирович Сидорович кітаптың таныстырылымына қатысты және В.Ю. Додоновтың кітабына талдау жасады, оның экономика ғылымының дамуына қосқан сүбелі үлесін атап өтті.