04.01.2020

Математика және бағдарламалау бойынша студенттік олимпиадалар


 



2019 жылғы 13 және 21 желтоқсаны күндері М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған математика және бағдарламалау бойынша ашық олимпиада өткізілді.




Математика бойынша олимпиадаға Қазақстан филиалының және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты. Қатысушыларға күрделілігі түрлі дейгейдегі 6 есепті шығару тапсырылды. Қазылар алқасының шешімімен, жүлделі орындар келесідей бөлінді:


1) Алишер Айкын (ММ-21, ММУ ҚФ ) –1-ші дәрежелі диплом;

 

2) Василий Кожемяк (ВМ-21, ММУ ҚФ ) – 2-ші дәрежелі диплом;

 

3) Тамерлан Махмутов (ВМ-11, ММУ ҚФ ) –2-ші дәрежелі диплом;

 

4) Местай Мурзабаев (ВМ-21, ММУ ҚФ ) – 3-ші дәрежелі диплом;

 

5) Денис Филиппов (ММ-11, ММУ ҚФ ) –1-ші дәрежелі диплом.




Бағдарламалау бойынша олимпиада қашықтан өткізу режимінде codeforces.com сайты алаңында, бағдарламалау бойынша онлайн-жарыс талаптары бойынша ұйымдастырылды. Олимпиадаға Қазақстан филиалынан 3 команда қатысты. Қазылар алқасының шешімімен, жүлделі орындар келесідей бөлінді:


1) Саян Кинжитаев (ВМ-21), Местай Мурзабаев (ВМ-21) – 1-ші дәрежелі диплом;


2) Алишер Айкын (ММ-21), Азамат Кошкаров (ВМ-21) – 2-ші дәрежелі диплом;


3) Бекзат Бухатов (ВМ-11), Ярослав Гурский (ВМ-11) – 3-ші дәрежелі диплом.


Жеңімпаздарды марапаттау 2019 жылдың 30 желтоқсанында өткізілді.