2017 жылғы 7 наурызда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасында «Санскритте көрініс тапқан ежелгіүнді дүниетанымының кейбір ерекшеліктері туралы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Хабарлама жасаушы - М.В. Ломоносов атындағы ММУ филология факультетінің салыстырмалы-тарихи тіл білімі капфедрасының доценті Инна Ивановна Богатырева. Ол осы аталған тақырып аясында ғылыми ізденістер жүргізіп келеді.
Хабарлама мазмұнында ежелгі үнділік дүниетанымның кейбір қырлары, ондағы ежелгі арийлердің мифтік-поэтикалық ойлаудың ерекше орны туралы сөз етілді.
И.И.Богатырева барлық дүниені танудың архаикалық жүйесінің негізінде жатқан кеңістік пен уақыт ұғымдарына назар ауыдарды. Бірақ сол екі ұғым дүниені танудың заманауи жаратылыстану мен философиялық жүйесінде де іргелі болып саналады. Бұл категориялар әмбебап болып табылады және түрлі мәдениет типтерінде көрініс тапқан әлім моделін анықтайды, сәйкесінше, ол мәдениет сол елдердің тілдерінде де сақталады.
Кеңістік пен уақытты қабылдаудың ежелгі үнділік моделі, ол өзіндік болмысқа ие болып, әлем құрылысына деген үнділік көзқарасты білдірсе де, ол басқа дәстүрлі мәдениеттерге де тән болып келеді (шығыстыққа да, батыстыққа да).