М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
10.03.2020

Тазалық – денсаулық кепілі! Алдымен - тәртіп! Ұядай әсем интерьер ... ол да аса маңызды!



5s.jpg


2020 жылғы 29 ақпанда ММУ Студенттер Үйінде ең таза секция бойынша конкурс өткізілді


Биылғы жылы Студенттік кеңес ең таза секция бойынша конкурс өткізу керек деп шешті. Бағалау критерийлеріне бөлмелер тазалығы, интерьер, ұядай жинақылық алынды. Үш номинация аталды, олар: «Ең үздік қыздар секциясы», «Ең үздік жігіттер секциясы», «Интерьердің ерекше дизайны».


Жеңімпаздарды іріктеуді Студенттік кеңес мүшелері - Амир Сулейменов, Валерия Коряк, Анелина Самохвалова, Никита Бабий, Меруерт Жани, Нұрдана Нұрмағанбетқызы және Нұрсая Жайшылық қолға алды.


Іріктеу барысында ең үздікті таңдау қиынға соқты, өйткені барлық бөлмелер мен секциялар тап-таза, ерекше жиналған. Десек те, студенттік кеңес мүшелері бұл конкурсқа креативтік тұрғыдан қарап, жол тапты: ұзақ пікірталастан соң жеңімпаздар анықталды. Олар:


- «Ең үздік қыздар секциясы» номинациясы бойынша жеңімпаз болғандар - № 216 секция, онда Айсулу Халиева, Жамиля Бейсенбаева, Айша Амантай және Гульнур Серикбаева тұрады. Қабат бойынша жауапты адам бұл секцияның барлық уақытта тап-таза және әсем болып тұратынын атап өтті.


222s.jpg - «Ең үздік жігіттер секциясы» номинациясы бойынша № 505 секция таңдалынды, өйткені Студенттік кеңес мүшелері талапқа жауап беретін секция - осы. Және онда тұратындар Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері: Алишер Құмаргалиев, Темирлан Рымхан, Дархан Тохтарханов және Досжан Ержанов.


- «Интерьердің ерекше дизайны» номинациясы бойынша жеңімпазды анықтауда комиссия дағдарғанын да атап кету керек. Өйткені біздің барлық студенттеріміз бөлмелері мен секцияларын безендіруде өз креативтіліктерін, шығармашылықтарын секциясында жақсы көрсете алған еді. «Жүзден жүйрік» дегендей, кілең әсем бөлмелерден озық болған - № 206 секциясының бөлмелері еді. Мұнда студенттеріміз Малика Мамерханова, Мария Клещенко, Анастасия Новак және Асема Саскаева тұрады. Бөлмелер тамаша фотолармен, гирляндалармен безендіріліп, кресло қойылған, жиһаздың орналасуы ерекше әсерге бөлейді.


Осылайша, бұл конкурс біздің Студенттер Үйімізде қандай сұлу сезімге ие, шығармашылықтары тасыған жандар тұратынын паш етті деуге болады. Жеңімпаздарға грамоталар мен тәтті жүлделі сыйлықтар табыс етілді.

 

Құрметті тұрғындар! Өзіміз тұратын Студенттер Үйін әсем де сәнді ұядай жинақы етіп безендіріп, тазалықты сақтап пен отбасылық жылу жасауға бірге ұмтылайық! Бұлардың барлығы құбылмалы көктемнің ауа райында денсаулықты сақтауға көмектеседі.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.