2020 жылғы 24 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының базасында «Еуразиялық интеграция – Н. Ә. Назарбаевтың тарихи бастамасы» телекөпірі болып өтті. Телекөпір қазақстандық және ресейлік ғалымдар мен сарапшылардың пікір алмасуының онлайн-алаңына айналды. Ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Іс-шараның модераторлары – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры профессор Е.Б.Сыдықов және ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович.
Телекөпір өткізудегі мақсат – Қазақстан мен Ресейдің ғылыми-сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің еуразиялық ынтымақтастық идеясының практикада жүзеге асырылуының және Еуразиялық экономикалық одақ құрылуының стратегиялық көрінісі мен бағыттарын талқылау және ой елегінен өткізу. Телекөпір жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М. М. Дауленов, ҚХА кафедралары Ассоциациясының жетекшісі А. А. Башмаков, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері В. Ю. Додонов, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Ж. К. Тулиндинова, Еуразиялық интеграция институтының Ғылыми зерттеулер мен талдау орталығының жетекшісі К. У. Майгельдинов, Еуразиялық интеграция институтының Коммуникативтік іс-шаралар орталығының жетекшісі А. К. Ешмуратов, Ресей саясаттанушылар ассоциациясының атқарушы директоры, сонымен қатар М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің жетекші профессорлары: саясаттану факультетінің профессоры И. И. Кузнецов, экономика факультетінің профессоры К. А. Хубиев, экономика факультетінің кафедра меңгерушісі В. В. Герасименко. Қазақстан филиалынан кездесуге қатысқандар – ҚР ҰҒА академигі, профессор Р. Ж. Абдильдина, профессор А. И. Оразбаева, профессор С. Ш. Аязбекова.
Еуразиялық одақ құру туралы идеяны тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында айтқан болатын. Бұл идея жоғары бағаға ие болып, ғылыми қауымдастық пен сарапшылар қоғамдастығы тарапынан жоғары бағаға ие болып отыр. Осымен байланысты, Елбасының еуразиялық бастамасын санадан қайталап өткізуге арналған телекөпірдің ММУ Қазақстан филиалының базасында өткізілуінің өзіндік маңызы зор.