06.05.2020

«Халық ерлігі біздің жадымызда» атты конкурсқа қатысқан студенттер жұмысын қорытындылау


Конкурс Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналады»



>>> >>> «Халық ерлігі біздің жадымызда» атты
студенттер жұмысы конкурсының жеңімпаздарын марапаттау
туралы Бұйрық»


2020 жылғы 5 мамырда Студенттер жұмысының «Халық ерлігі біздің жадымызда» атты конкурсын қорытындылау мақсатында комиссия мәжілісі өткізілді. Комиссия отырысына Қазылар алқасының төрағасы А. В. Сидорович, төраға орынбасарлары А. И. Оразбаева мен Т. Г. Котлярова, қазылар алқасының мүшелері: Р. Ж. Абдильдина, Г. И. Власова, С. Ш. Аязбекова, Ж. С. Мажитова, Ж. А. Ермекбай, М. А. Брянская қатысты. Конкурс Филиалдағы Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған іс-шаралар циклының аясында өткізілген болатын. Конкурсқа қатысуға берілген өтінім саны - 24 эссе болды, оның ішінен қазылар алқасы үздік 3 жұмысты іріктеп алды.


Қазылар алқасы қатысушылардың белсенділігін ерекше атап өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, конкурста І орын алған және 2 студенттік стипендияның дипломы иегері атанған – Индира Уланова болды. Ол - «Қолданбалы математика және информатика» бағытындағы 1 курс магистранты. Қазылар алқасы «Батырлардың өшпес ерліктері» атты Индира жазған жұмыста өз отбасына қатысты айтылғанын және мұрағат материалдары (майдан хаттары) және деректі құжаттар қосылғанын ерекше атап өтті. Эссе мәтінінің мазмұны сапалы, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар туралы тарихи мәліметтер көптеп берілген.


Дипломом за занятое в конкурсе II место и премией в размере 1 студенческой стипендии решено наградить Игоря Иванова, студента 2-го курса направления «Филология». Работа И. Иванова, посвященная научной деятельности академика А. С. Орлова в годы эвакуации (1941–1945), была отмечена как лучшая поисковая и исследовательская работа за использование интересных архивных материалов.


Конкурста ІІ орын алған және 1 студенттік стипендияның дипломы иегері атанған – Игорь Иванов болды. Ол – «Филология» бағытының 2 курс студенті. И. Ивановтың жұмысы академик А.С. Орловтың эвакуация кезіндегі (1941-1945 жж) ғылыми қызметіне арналған және бұл эссені қазылар алқасы ізденімпаздығы жоғары, зерттеу барысында мұрағат материалдарын мол қолданғанын ерекше атап өтті.

 

Конкурста ІІІ орын алған және естелік жүлденің дипломы иегері атанған – Дина Магажанова болды. Ол – «Экономика» бағытының 2 курс студенті. Қазылар алқасы Д. Магажанованың «Туыстарымыз бен жақындарымыздың ерлігі» атты конкурстық эссесін жоғары бағалады. Эссенің мазмұнында авторлық «мен» көрінісі айқын танылып тұрады, оның сезімге толы сырлы сұхбаты нақты тақырып аясында өрбіп, өзін толғантқан мәселе бойынша санасында өрілген ойларын маржандай тізіп бере алғаны аталып өтті. Эсседе автор соғыстың зардабын сипаттап қана емес, өзінің санасынан сүзіп өткізе алғандықтан, отбасына тигізген соғыс зардабын және Ұлы Жеңістің мейрамын өзіне жеке қабылдай алатын және сол сезімін басқаларға шебер жеткізе алатын жазу дағдыларын қазылар атап өтті.

Конкурс жеңімпаздарын тағы да құттықтаймыз!