9 мамыр жақындап келеді. Бұл күн – қазақстандықтардың жүрегінде мақтаныш пен мұң сезімін қатар туғызатын ерекше күн. Осынау тұтас бір дәуір Жеңісінің, Жақсылықтың жамандықты жеңген күнінің куәгері болған ардагерлердің де саны азайып келеді. Ұлы Отан соғысының айбынды батырлары туралы естелік пен тарихи Жеңістің келбетін есте сақтау өте маңызды болмақ. ММУ Қазақстан филиалы, тек жоғары білікті маман дайындаушы ғана емес, сонымен бірге, шынайы патриоттарды тәрбиелеуші ретінде, осы көктемде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған кең ауқымды іс-шаралар өткізуде. Ұлы Жеңісті тойлау аясында студенттердің оқу топтарында 10-20 сәуір аралығында тақырыптық кураторлық сағаттар өткізілді.
«Экономика» бағытындағы бірінші курс топтарында «Жеңіс Күні» атты кураторлық сағат болып өтті. Кіріспе сөздерінде кураторлар Ұлы Отан соғысындағы халық Жеңісінің дүниежүзілік-тарихи маңызы туралы айтып өтті. Жазушы Б. Васильевтің повесі бойынша түсірілген «А зори здесь тихие» фильмі көрсетілді. Фильмнен соң студенттермен біріге отырып, повестің басты кейіпкерлерінің иығына уақыт түсірген ауыр жүк туралы «әйелдер үшін ең ауыры - соғыс» деген пікір бойынша талқылау жүргізілді.
«Экология және табиғатты пайдалану» бағытындағы 2 курс студенттері кураторларымен біріге отырып, қазақ халқының тағдырында шешуші сәттер туғызған фашистік соғыс туралы өзра пікірлесу жүргізді. «Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың «Біздің әкелеріміздің ерлік істерін ұмытуға хақымыз жоқ, көз жұмған батырларымызды әрдайым есте тұтып, қадірлеуіміз керек», - деген сөзін тірек ете отырып, студенттер өз отбасыларындағы ҰОС қатысушылары туралы әңгімелеп берді.
Филология бағытындағы үшінші курстықтар, Мәскеу қаласында оқып жүріп, «Ұлы Отан соғысы» кеңестік және ресейлік кинематографияда» атты кураторлық сағатқа қатысты. Топ кураторы, студенттеріне Ұлы Отан соғысы туралы бірнеше фильм қарауды ұсынды. кураторлық сағат бойында сол қараған фильмдер бойынша талқылаулар жүргізілді. Шынайы болмыстағы және көркем фильмдегі соғыс жағдаяттарына салыстыра қарай отырып, көркем бейне туралы ойлар айтылды. Студенттер үшін ерекше қызықты болған фильмдер «В бой идут одни старики», «Офицеры», «А зори здесь тихие», «Батальоны просят огня» т.б. болды.
«Қолданбалы математика және информатика» бағытындағы бірінші курс кураторы студенттерге Ұлы Отан соғысының кеңестік және қазақстандық математиктер өмірін де айналып өтпегені туралы айтып берді. Мыңдаған математиктер соғысқа аттанып, олардың көпшілігі жеңіске жеткізетін маңызды міндеттерді шешуге қатысқаны туралы, қалғандары өздеріне жүктелген бекеттерде аянбай шайқасқаны туралы айтылды. Олардың барлығы да кеудесінде Жеңіске деген сенімді сақтап, ғылым мен білімнің құндылығын түсінер жас ұрпақтың бейбітшілігі үшін шайқасты.
«Математика» бағытындағы екінші курс студенттерімен өткізілген кураторлық сағаттың тақырыптық ерекшелігі математика мен математиктердің Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті жақындатуға қосқан үлестеру туралы болды. Куратор өз баяндамасында ғалым-математиктердің әскери шайқастар мен «әзірлеме дайындау» жарысындағы ерліктері туралы айтып берді. Осылай, студенттер, белгілі ғалым А.Н. Крыловтың Отанымызды «математикалық» тұрғыдан қорғаған ерлігі туралы білді. Ол суға батпау кестесін жасап шығарған, ол арқылы кеменің қандай да бір бөлшектерінің батып бара жатқанын есептеп шығаруға болатын еді. Сөйтіп кемені батудан сақтап қалуға болатын еді. Осы кестені қолдану арқылы көптеген адамдардың өмірін сақтап қалу, материалдық құндылықтарды сақтап қалу мүмкін болды. Студенттер тағы бір математиктің - Т.И. Амановтың өмірі мен қызметі туралы қызыға тыңдады. Т.И. Аманов жас кезінде Отанын қорғау үшін соғысқа аттанып, соғыстан келген соң өзінің сүйікті математикасына қайта оралды. Кейін ол Ғылым академиясының мүше-корреспондентіне дейін өсті. Осындай әңгімелер арқылы студенттер математик ғалымдардың соғыстан кейінгі жылдары елдің еңсесін көтеріп, халық шаруашылығын қалпына келтіруге үлес қосқанын түсінді.
Жеңіс күні орнағаннан бері 75 жыл өтті... Бұл айтулы оқиға әрі алыс, әрі жақын: тарих желісінен қарасаң алыстап бара жатқанымен, санада есте сақтау арқылы, Отанды сүю арқылы, рухтың кемел күші арқылы біз ол күнді жақындата аламыз. Студенттер мен кураторлар баяндаған қысқа әңгімелер, шындығында,, үлкен ой салған еді. Өйткені әр бұлақтың ағып барып, өзнеге, одан теңіз бен мұхитқа айналатыны сияқты, әрбір жекелеген естеліктер бір арнаға құйылып, Естелік мұхитын құрайтыны сөзсіз, ол мұхиттың жағасында тұрып: «Біз әрдайым есте тұтамыз! Біз әлемде бейбітшілікті сақтауға әрдайым дайынбыз!» деп айтамыз.