2020 жылғы 6 маусымда ММУ Қазақстан филиалының филологтері А.С. Пушкиннің туған күніне және Халықаралық орыс тілі күніне арналған конференцияға қатысты. Халықаралық онлайн-іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстандағы Ресей елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество Өкілдігі, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы.
Конференцияға қатысушыларға деген қошеметін білдіріп Қазақстан Республикасындағы РФ Төтенше және өкілетті елшісі А. Н. Бородавкин, Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілі К. П. Воробьев және КазПРЯЛ президенті ф. ғ.д., профессор Э. Д. Сулейменова сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасындағы РФ Төтенше және өкілетті елшісі А. Н. Бородавкин өз сөзінде орыс тілін сақтаудың маңызы туралы атап өтті: «Орыс тілі – біздің құндылығымыз, біздің мақтанышымыз. ... Біз сөйлеу құқымызды қорғап қалдық. ... Жеңіс - қиындықтан соң келген жақсылық, сондықтан одан соңғы уақытта сүріп отырған уақытымыздың әр сәтін қадірлей білуіміз керек және бейбітшілік, достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік деген ұғымдарға қастерлей қарауымыз керек».
Россотрудничество өкілі К. П. Воробьев конференцияға қатысушыларды мерекемен құттықтап, орыс тілі мамандарына ынтымақтастығы мен жасаған жұмыстары үшін алғысын білдірді: атап айтсақ, жыл сайын өтікізілетін Русистика мектебі, МАПРЯЛ конгресінің өткізілуі т.б.
Профессор Э. Д. Сулейменова өз баяндамасында қазақстандық русистиканың қалыптасуы мен дамуы тарихы туралы кең түрде баяндап берді, бүгінгі жай-күйіне тоқталды.
Конференция аясында орыс тілі мен орыс мәдениетін ТМД елдерінде дамытумен байланысты өзекті мәселелер талқыланды.
Пушкинге арналған, пушкинтануға арналған, русистиканың дамуы туралы баяндамаларымен ф.ғ.д., ММУ ҚФ профессоры Т. В. Кривощапова («Пушкин и Абай»), ф.ғ.д., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Н. Ж. Шаймерденова («Русский язык в зеркале XIV конгресса МАПРЯЛ: праздник науки в Нур-Султане»), ф.ғ.д., ММУ ҚФ профессоры Г. И. Власова («Пушкин в современном медиапространстве»), ф. ғ. к., ММУ ҚФ оқытушысы А. В. Семенова («Литературные связи А. С. Пушкина с поэтами XVIII века») сөз сөйледі.
Конференцияның арнайы қонақтары ретінде Донецк ұлттық университетінің профессоры В. М. Калинкин («Поэтика собственных имен в драматических произведениях А. С. Пушкина»), сонымен бірге украиндық белгілі ақын, баспагер және публицист Д. С. Бураго («О XXIX Международной конференции «Язык и культура» в Киеве») қатысқан болатын.
Кездесудің дербес блогы ретінде ММУ Қазақстан филиалының «Тенгри» әдеби клубының мүшелеріне сөз берілді. Студенттер А.С. Пушкиннің өлеңдерін оқыды және А.С. Пушкин туралы жазылған өлеңдер оқыды: «Тенгри» әдеби клубының төрағасы Дарья Фогель («К Чаадаеву»), «Филология» бағытының 1 және 2 курс студенттері Екатерина Сильчина («Прощание»), Игорь Иванов («Демон»), Алина Сухоставская («Не дай мне Бог сойти с ума», отрывок из поэмы «Цыганы»), Александра Лем («Анчар»), Мадина Бисарина («Храни меня, мой талисман»), Нина Ищанова («Памятник»), Амина Абубакирова («Если жизнь тебя обманет»), Илона Хе Дон Гу («О Пушкине» (өзі шығарған өлеңі), Ольга Качнова («Юбилейное» В. Маяковскийден).
Конференция жұмысы сәтті өтті. Баяндамашылардың сөйлеген сөздері қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды, ал талқылау барысында жаңа мәдени және ғылыми байланыстар орнатылды.
Мәтін және фото: филология кафедрасы