02.02.2017

ММУ Қазақстан филиалы мен Астанадағы Ресей ғылым мен мәдениет орталығының алаңдарында «Біз сені сақтаймыз, орыс тілі, ұлы орыс сөзі...» Орыс тілі мен әдебиеті бойынша ХІ кәсіби бағдарлы олимпиада өтті



2017 жылғы 1-2 ақпанда М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы мен Астанадағы Ресей ғылым мен мәдениет орталығының алаңдарында «Біз сені сақтаймыз, орыс тілі, ұлы орыс сөзі...» Орыс тілі мен әдебиеті бойынша ХІІІ кәсіби бағдарлы олимпиада өтті. Олимпиадаға астаналық қазақ және орыс мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 1 ақпан күні ММУ Қазақстан филиалы (11 сыныптар) мен Астанадағы Ресей ғылым мен мәдениет орталығында (10 сыныптар) ашылды. Он бірінші сынып оқушыларын Филиал қабырғасында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Г. Котлярова қошемет сөздермен қарсы алды. Ол Қазақстанда орыс тілінің сақталуы мен дамуының маңыздылығы туралы айтып өтті. Филиалдың орыс тілін жасөсіпірімдер мен жастар арасында таратудағы үлесін атап көрсетті. Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің жетекшісі Виктор Нефедов өз кезегінде, он бірінші орыс тілі мен әдебиеті кәсіби бағдарлы олимпиадасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы дипломатиялық қатынастың 25 жылдығына арналатынын атап өтті. Олимпиада, дәстүр бойынша, ЮНЕСКО шешімі бойынша, тілге және мәдени түрлілікке игі ықпал ету мақсатында жыл сайын 21 ақпанда аталып өтілетін Халықаралық ана тілі күні қарсаңында өткізіліп отыр.