Жексенбі күні, 2017 жылғы 12 ақпанда, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Ашық есіктер күні өткізілді. Университетке екі жүзден астам болашақ түлектер келді.
Жыл сайын, ММУ Қазақстан филиалы түлектерге, олардың ата-аналары мен мұғалімдеріне өз есігін айқара ашады. Дәстүр бойынша, қонақтарды ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович қарсы алды. Директор тарихи оқиғаны, яғни Филиал Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың инициативасымен, Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің және Мәскеу университетінің ректоры В.А.Садовничийдің қолдауымен ашылғанын және Филиалға 15 жыл толғанын атап өтті.
Осы уақыт аралығында Филиал Қазақстанның білімдік нарығында көшбасшылық орындарға ие болып келеді. Мәскеу университеті тек жоғары білікті мамандар даярлауымен ғана емес, ең бастысы, ойлай білетін, іргелі ғылымды меңгерген, кез келген күрделі мәселелерді шешу үшін көптеген деректерді талдай және салыстыра алатын адамдарды дайындауымен ерекше болады. А.В. Сидорович Мәскеу университеті әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі екенін айтып өтті. ММУ дипломы көптеген елдерде мойындалады, бүгінгі күні, әлемдік рейтингтерге сәйкес, біздің университет планетадағы ең үздік жоғары оқу орындарының бестігіне енген.
ММУ Қазақстан филиалы ММУ стандартымен, оқу жоспарларымен және академиялық қорымен жұмыс жасайтын Мәскеу университетінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Филиал Қазақстан Республикасының бюджетінен қаржыландырылады, студенттер Астана мен Мәскеуде тегін оқиды, диплом жұмыстарын Мәскеуде қорғайды.
Қазақстандық филиал Мәскеу университетінде білім алудың ерекше бір жолын ұсынады. Филиалда оқыту бакалавриаттың бес бағыты бойынша және магистратураның үш бағыты бойынша жүргізіледі; түлектер Қазақстанда да, Ресейде де, басқа елдерде де сұранысқа ие.
Мәскеу университеті факультеттерінің өкілдері және Филиал кафедраларының меңгерушілері Филиалды оқытудың бағыттары туралы нақты тоқталып өтті. Олардың соңынан директор қонақтарды жалпы сұрақтарына жауап берді. Содан кейін жиналғандарға белгіленген аудиторияларға өтіп, Филиал оқытушылармен жақынырақ танысып, түсу сынақтары және белгілі бір бағыт бойынша оқыту сұрақтарына жауап алуға болатынын айтты.
Мәтін: Анастасия Семенова
Фото: Карамсаков Д., Кошеков В. (Фотогалерея)