М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті әлемнің үздік университетін анықтайтын Times Higher Education (THE) рейтингісі бойынша 21 орынға ие болды. Көрсеткіштердің жиынтығы бойынша жаңа World University Ranking–2021 рейтингісінде Мәскеу университеті 15 позицияға көтеріліп, 174 орынға ие болды. Мұнда маңызды көрсеткіштердің бірі бойынша - яғни «зерттеу» көрсеткіші бойынша - ММУ рейтингінің 55 орнын алды, бұл – былтырғы жыл нәтижесіне қарғанда, жақсы көрсеткіш. Тағы бір «жасыл аймақтағы» орналасқан көрсеткіш бойынша «салалық зерттеу қызметінен келіп түсетін қаржылық түсілімдер» индикаторы болды (Industry income). Бұл критерий бойынша ММУ-дің өсуі бірден 14 позицияны құрады (40 орын).
Times Higher Education жаңа рейтингісінің қорытындысына түсініктеме бере келе, ММУ ректоры В.А. Садовничийдің атап өтуінше, Мәскеу университеті әлемнің үздік университеттерінің ішінде жоғары даму жолын жалғастырып келеді, Ректор атап өткеніндей, мұндай жетістіктің түпнегізінде көрнекті ғылыми-зерттеу нәтижелері мен білім берудегі табыстар жатқаны сөзсіз. Нақты айтсақ, ММУ вирусологтары поливалентті вакцина ойлап табумен жұмыстануда, ол вакцина көптеген қауіпті вирустардан қорғай алады. Университет «Ломоносов-2» суперкомпьютерінің есептегіштік қуатын өсірумен айналысуда. Ол суперкомпьютер коронавирустық инфекцияға тікелей әсер ете алатын дәрі іздеуге көмектесе алады. Мұның барлығы, деп атап өтті В.А.Садовничий, Мәскеу университетіндегі ғылыми мектептердің маңызды зерттеу міндеттерін шеше алатынын көрсетіп отыр, осы еңбегі арқылы шетелдік сарапшылар тарапынан сәйкес бағалауына ие болуына әбден лайықты.
ММУ ректоры, сонымен бірге, өз сөзінде ерекше атап өткеніндей, университет осы қол жеткен табыстарға тоқмейілсіп, тоқтап қалмақ емес. Тек оқытушылар мен студенттердің бірлескен үйлесімді жұмысы арқылы ғана әлемдегі білім беру мен ғылыми жүйеде көшбасшы орынға ие болуға болатынынын түсіне келе, қазіргі уақытта Мәскеу университеті өз студенттері үшін жаңа пәнаралық бағыттарды ашуда. Оларда өзекті ғылыми және қоғамдық мәселелер қарастырылатын болады, оның қатарында геномика, нейропсихолингвистика, космос және т.б. бағыттар қамтылады.