2020 жылғы 16 қазанда осы оқу жылында алғаш рет «Тенгри» клубының отырысы өткізілді. Онлайн-кездесуге «Филология» бағытының 1-2 және 4-курс студенттері және филология кафедрасының оқытушылары Г. И. Власова, Т. В. Кривощапова және А. М. Чепкова қатысты.
Клубтың координаторы-үйлестірушісі - филология кафедрасының меңгерушісі Галина Ивановна Власова биылғы алғашқы отырысты салтанатты түрде ашып, «Тенгри» әдеби клубының «Пою тебе, мой Филиал» және «Под знаком Тенгри» атты жинақтарын көрсетіп, клубтың биылғы жұмыс жоспарына түсініктеме жасады.
Іс-шараның жалғасы клуб қатысушыларының ММУ Қазақстан филиалының 2019 жылғы «Филология» мамандығы бойынша түлегі Анастасия Маскевичпен кездесумен жалғасты. Ол «Астана» атты жазушылар клубының ұйымдастырушысы болып табылады. Қонақ өзінің жасап жүрген қызметі туралы баяндап берді, өзінің «Анастасия» атты романының жазылу тарихымен таныстырды және «қысқа әңгіме қалай жазуға болады» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Өзінің ерекше тартымдылығымен, шынайылығымен, пайдалы кеңестерімен жазушы қатысып отырғандарды баурап алды: Анастасияның әңгімесінен кейін олар көптеген сұрақ қойып, тамаша сұхбаты үшін алғыстарын білдірді.
Клуб отырысында «Тенгри» клубының жаңа төрағасы сайланды. Ол – «Филология» бағытының 2-курс студенті Дарья Панёва. Өз кезегінде Дарья барлығына сенім білдіргені үшін алғысын білдірді және клубтың алдағы жұмыстарының жобасымен таныстырып өтті.
Аталған іс-шара шынайы және жылышырайда өткізілді. Қатысушылар Анастасияға рақмет айтты, соңынан өздері шығарған өлеңдерін оқып берді.
«Тенгри» әдеби клубының сіздерге көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Мұнда сіздер:
Біз сіздерді «Тенгри» клубының қатысушыларының арасынан көргіміз келеді!