23.10.2020

Студенттік кеңестің Филиал басшыларымен кездесуі


22 қазанда онлайн-конференция форматында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының Студенттік кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті. Белсенді студенттер Филиалдың басшылығымен бірлесе отырып, күнделікті мәселелерді және оқу жылының жоспарын талқылады.


в статьи+.png


Филиал директоры бұл мерейтойдың университет өмірі үшін үлкен маңызы барын атап өтті, ол өзінің Филиал тарихына қатысты естеліктерімен бөлісе келе, студенттік кеңеске өз жұмыстарында ұстануына қажетті ақыл-насихатын айтты.


Директордың ғылым және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ҚР ҰҒА академигі Р.Ж. Абдильдина осы кездесуде студенттік кеңестің рөлі туралы өз ойын білдірді, белсенді студенттердің университет өміріне қатысты атқаратын жұмыстарының ерекшелігі туралы тоқталып өтті. Қазіргі қашықтан оқытуға мәжбүрлеп отырған жағдаятқа байланысты, ММУ Қазақстан филиалының студенттеріне өзінің ұстаздық пікірін білдірді.


Студенттер кеңесінің төрағасы Әмір Сүлейменов аудиториямен белсенді студенттердің алдағы оқу жылы бойынша құрған жоспарларымен, негізгі студенттік органның құрылымын реформалау туралы ойларымен бөлісті.


Студенттерде кездесу барысында өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде сөз қозғауға және оларды университет басшыларымен, Филиал директоры А.В. Сидоровичпен тікелей байланыс жасай отырып талқылауға мүмкіндіктері болды. Кездесуге қатысушылар түрлі мәселелер бойынша, оның ішінде Филиалдың жаңа ғимараты туралы, оқу процесі бойынша пікір алысты.


Кездесу соңында профессор А.В. Сидорович студенттердің осынау белсенді тобына табыс тілеп,олардың маңызды да қажетті әрбір істерінің сәтті болуына тілектестігін білдірді. Студенттік кеңестің жаңа құрамы өзінің міндеттемелерін орындауға қазіргі уақытта кірісіп те кетті.