2020 жылғы 31 қазанда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Филология» бағыты бойынша оқитын 4 курс студенттерінің педагогикалық практикадан есептік конференциясы болып өтті.
Оқу жоспарына сәйкес, төртінші курста оқитын болашақ филологтер бір ай бойына педагогикалық қызметтің ерекшеліктерімен танысты, сонымен қатар орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімдері ретінде оқушылармен жұмыс жасап, практикалық дағдыларға ие болды.
Биылғы жылы ММУ Қазақстан филиалының студенттері практикасын өткізетін база ретінде Нұр-Сұлтан қаласының № 6 гимназиясы белгіленген болатын. Бұл гимназия көптеген жылдардан бері біздің университетіміздің серіктесі болып табылады: жыл сайын мектептің орыс тілі мұғалімдері филолог-студенттерді өз сыныптарында қабылдап, оларға өз оқушыларын сеніп тапсырып келеді.
Осы жылы практиканы өту шарттары басқаша болып келді деуге болады. Елорда мектептеріндегі оқыту қашықтан жүргізілетіндіктен, студент-практиканттарға да өз сабақтарын Zoom платформасында виртуалды сыныптарда өткізуіне тура келді.
Есептік конференция барысында болашақ жас мұғалімдер өздерінің педагогикалық практикадағы тәжірибесі барысында алған әсерлерімен бөлісті. Практикант-студенттер мүғалімнің еңбегінің қаншалықты ауыр екенін бағалағандығы туралы атап өтті, мұғалім болу үшін қаншалықты сабырлы, жауапкершілікті түсіне білетін, және белсенді, өз оқушыларын білім алуға ынталандыра алатын тұлға болу керек екенін түсінгені туралы баяндады. Оның үстіне, қашықтан оқыту процесіндегі қиындықтар мен балалармен тіке байланыс орнатудың, білімді тексеру мен бағалаудың күрделене түскендігі, әр оқушыға жеке ерекшелігіне қарай педагогикалық қарым-қатынас орнату арқылы білім мен дағды қалыптастырудың ерекшеліктері туралы айтып берді. Барлық студенттер бірауыздан теориялық білімдерінің сенімділігін және соған сүйене отырып, әр сабақтың жоспарлап, тыңғылықты дайындалғанын атап өтті.
Конференцияда студенттер өздерін №6 гимназияда ашық және достық ниетпен қабылдағанын атап өтті. Оқушылардың да берілген тапсырмаларды ықыласпен орындап, практиканттар ұйымдастырған сабақтан тыс іс-шараларға да қуана қатысып отырғанын ерекше атап өтті. Бұл бағытта кәсіби бағдарлы әңгімелер жүргізілгенін, ойын-викториналар, поэзиялық кештер ұйымдастырылғанын, Ұстаздар күніне арналған бейнеқұттықтаулар жасалғаны туралы студенттер қызғылықты түрде баяндап берді.