30.11.2020

Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім!



М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты Республикалық студенттердің патриоттық форумына қатысты.


Участники форума


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, 30 қараша күні Zoom онлайн-платформасында ҮІІІ «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты Республикалық студенттердің патриоттық форумы болып өтті, оның ұйымдастырушысы С.Сейфуллин атындағы Қаз АТУ студенттері болатын. Іс-шара аясында Қазақстанның түрлі қалаларынан қатысқан студенттер өз баяндамаларын оқып берді.


Форумда ММУ Қазақстан филиалының өкілі де қатысты. Студенттер кеңесінің төрағасы Әмір Сүлейменов «Тәуелсіздік - ең басты құндылық, ең үлкен жауапкершілік» тақырыбында мемлекеттік тілде баяндама жасады.

 

[нақтырақ...]