Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында онлайн-форматта Елбасы мен оның еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы тақырыптық кураторлық сағаттар өткізілді.
Студенттер мен олардың кураторларының кездесулер өткізілу форматы алдын ала анықталып, тақырыптары белгіленді. Бұл сабақтарда студенттер Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіндегі өмірбаяны жолдарына қатысты деректі бейнематериалдарды қарап, соңынан әңгімелесулер өткізді.
Экономика бағытында оқып жатқан 1 курс студенттері Президенттік басқару формасының ерекшеліктері туралы қарастырды. Кураторлық сағатта сөз сөйлегендер өздері әзірлеген көрнекі таныстырылымдары арқылы қазақстандық Президенттік басқару жүйесінің халық пен мемлекеттің егемендігінің жүзеге асырылуын жолдары туралы әңгімелеп берді.
Филология бағытында оқып жатқан 1 курс студенттері Тәуелсіз Қазақстаннның Тұңғыш Президентінің идеялары мен бастамаларының маңызы туралы әңгімелесе келе, сабақтың соңында арнайы тақырыптық викторина жүргізді.
Экология және табиғатты пайдалану бағытында оқып жатқан 2 курс студенттері Н.Ә. Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы тұрақты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы» атты кітабының тарауын талқылады.
Қазақстаннның Тұңғыш Президенті күні құрметіне арналған осынау кездесулер, сөзсіз студенттердің Тәуелсіздігі мен егемендігі деген біздің қоғамымыздың іргелі құндылықтарына тағы бір терең зер салуына сеп бола алды.