М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында 2020 жылғы 27 қарашадан бастап 4 желтоқсанға дейінгі аралықта секірмекпен секіруден университетішілік жарыс өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты - студент жастарды салауатты өмір салтына баулу, дене шынықтыру мен спортпен айналысуды көпшілікке тарату, карантин жағдайында уақытты тиімді пайдалану, сонымен бірге студенттер арасындағы скиппинг бойынша үздік спортсмендерді анықтау.
Белгілі себептермен, яғни пандемияға байланысты, бұл жарыс online-режимде үй жағдайында өткізілді. Филиалдың 113 студенті турнирге қатысты.
Жарысқа қатысушылардың тізіміне ену үшін, студенттер дене шынықтыру пәні оқытушысына секірмекпен секірген бейнеролигін жіберуі керек болды. Роликтің регламенті - 1 минут.
Жүлделі орындарға алты қатысушы ие болды – үш бойжеткен және үш жігіт.
Бойжеткендер арасынан шыққан жеңімпаздар:
1 орын – Кулеш Регина, Г-11 (200);
2 орын – Кузьминова Надежда, Ф-11 (160);
3 орын – Бостекпаева Азия, Г-11 (153).
Победители среди юношей:
1 орын - Близнюк Сергей, М-11 (187);
2 орын - Ахметкалиев Рауан. М-11 (168);
3 орын - Мади Диас, М-11 (163).
Біз жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және барлығыңызды спортпен айналысуға шақырамыз! Тәні саудың – жаны сау!