22.12.2020

Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен қалдырған мұрасы


 

Круглый стол


2020 жылғы 11 желтоқсанда онлайн-режимде Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 185 жылдығына арналған Халықаралық дөңгелек үстел болып өтті. Ұйымдастырғандар – QazaqGeography Респібликалық қоғамдық бірлестік және М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы. Дөңгелек үстел аясында профессор Ж.А. Ермекбайдың «Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен мұрасы» атты кітабының таныстырылымы жасалынды.


Сидорович А.В.


Дөңгелек үстел жұмысын М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры профессор А.В. Сидорович бастап ашты. Өзінің сөзінде А.В. Сидорович Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановты ұлы саяхатшылар қатарында бағалай келе, ғалымның зерттеулерінің осы күнге дейін өз маңызын жоғалтпағанын атап өтті. Шоқан Уәлиханов, қазақ халқының көрнекті перзенті ретінде, өзінің 29 жасында аса ірі ғылыми және зияткерлік мирас қалдырып үлгірді. Шоқан Уәлихановтың еңбектері мен қол жеткен жетістіктері өзінің көзі тірі кезінде-ақ ресейлік мәдениеттің белгілі өкілдерін мойындатқаны белгілі, Ресейде және басқа елдерді еңбектері басылып шығарылды. Шоқан Уәлихановты танудағы әлеуметтік көзқарастар мен қоғамның қарама-қайшы қатынасы оның Абаймен үндестігін танытады. Екі тұлға да әлеуметтік әділетсіздікке қарсы шыққан тұлғалар екені белгілі.


Сөзінің соңында А.В. Сидорович QazaqGeography Республикалық қоғамдық бірлестігіне Дөңгелек үстелді бірлесе ұйымдастырғаны үшін алғысын айтты, бұл ұйымның Қазақстанның табиғаты, қоғамы мен мәдениеті туралы білімді жинаудағы, дамытудағы, таратудағы маңызды орнын атап өтті.



Нурбаев О.К. и Буканова Ж.К.


Дөңгелек үстелге қатысушыларды қошеметтеу сөздерінде QazaqGeography Республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма жетекшісі О. К. Нурбаев пен «Қазақстан қоғамдық даму институты» «Рухани жаңғыру» Орталығы жетекшісі Ж. К. Буканова Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың аса көрнекті тұлға екендігін және Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін, Шығыс Түркістанның географиясы мен экономикасын, саяси жағдайын зерттеудегі сіңірген еңбегін атап өтті. Олар «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасына сай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серия құрастырылуда екенін, республикада еліміздің рухани мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосқан көрнекті тұлғалардың мирастарын танып-білуге байланысты салмақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.


Ермекбай Ж.А. и его книга


Дөңгелек үстелдің жалғасы профессор Ж.А. Ермекбайдың «Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен мұрасы» атты кітабының таныстырылымы жасалынды. Еңбектің авторы кітапты жазу үстіндегі жұмыс ерекшеліктерін, Қазақстанның Орталық мемлекеттік архивінде, Ресейдің мемлекеттік тарихи архивінде, Ресей географиялық қоғамының архивінде, Ресей ғылым академиясының Санкт-Петербург филиалында, Ресейдің әскери-тарихи архивінде, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің Ресейдің Сыртқы саясаты архивінде, Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде, Мәскеу қаласының Орталық мемлекеттік әдебиет пен өнер архивінде, Омбы облыстық тарихи архивінде жұмыс жасағаны туралы айтты. Сонымен қатар көптеген кітапханаларда, атап айтқанда, Томск мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасында, Санкт-Петербургтегі Ресей географиялық қоғамының кітапханасында жасаған жұмыстарының нәтижелері туралы баянап берді. Жинақталған материалдар, ғылыми ортада бұрын белгісіз болып келгендері кітапты жазуға негіз болып алынды. Профессор Ж.Ермекбай Шоқан Уәлихановты танып-білудегі «ақтаңдақтар» туралы да кең айтып берді, ұлы ғалым, Шоқан Уәлихановтың өмірінен белгісіз болып келген жаңа деректер туралы және оларға түсіндірмелерін айтып берді.


Участники


Одан әрі қарай сөз сөйлеушілер легі мынадай кезекте келді: Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің еңбегі сіңген профессоры В.П. Зиновьев; қырғыздық шоқантанушы профессор Ч.Д. Турдалиев; Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының мүше-корреспонденті, белгілі шығыстанушы  М.Х. Абусеитова; Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің профессоры Ю.А. Сорокин; Новосібір мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің профессоры, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімі Тарих институтының бөлім меңгерушісі М.В. Шиловский; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет жақындасуы орталығының бас ғылыми қызметкері, белгілі синолог профессор К.Ш. Хафизова; П.П. Семенова-Тян-Шанскийдің музей-жайының ғылыми қызметкері Орыс географиялық қоғамының өкілі А.А. Богданов; география ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры О.Б. Мазбаев; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры М.О. Абсеметов.


Халықаралық дөңгелек үстелдің қорытындысында оның жүргізушісі - М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директорының орынбасары академик Р.Ж. Абдильдина бүгінгі іс-шараға қатысушыларға шын жүректен алғысын айтты. Олардың барлығына ММУ Қазақстан филиалының осындай қызықты ғылыми кездесу алаңдарына жиі қатысып тұруын қалайтынын білдірді.