26.12.2020

Филиалдың студенттері Республикалық математика ғылыми жұмыстары конкурсының жеңімпаздары атанды


2020 жылғы 25 қазаннан 30 қарашаға дейінгі уақытта ҚР БҒМ Математика және математикалық модельдеу институты Республикалық математика ғылыми жұмыстарының конкурсын өткізген болатын. Оған қатысқан ММУ Қазақстан филиалының өкілдері: «Математика» бағытының түлегі Бекарыс Бекмаганбетов және «Математика» бағытының 3-курс студенті студенті Дінмұхаммед Ақпан болды. Және олар Конкурстың жеңіпазы атанып, 1-орынды жеңіп алды


Бекмаганбетов Бекарыс и Акпан Динмухаммед


Конкурсты жариялаған ҚР БҒМ Математика және математикалық модельдеу институты. Конкурс Қазақстан жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен магистранттарға арналады. Және осынау ғылыми іс-шараның мақсаты - жастардың арасынан ғылыми математикалық зерттеулерге жол ашқысы келетін студенттерді іздеу, оларға осыдан әрі қарай ынтымақтастық пен қолдау жасау.


Конкурс қашықтан өткізілді және екі кезеңнен құралды:


- оқушылардың жазба жұмыстарын қабылдау және бағалау;


- онлайн-конференция арқылы қазылар алқасының конкурсқа қатысушылармен жеке әңгімелесуі.


Конкурс туралы неғұрлым кеңірек, келесі сайттан танысуға болады: http://math.kz/news-show/respublikanskiy-konkurs-nauchnyh-rabot-po-matematike-sredi-kazahstanskih-studentov-vuzov и http://math.kz/public/filemanager/userfiles/Второе_Информ_сообщ_конкурс_студ_работ.pdf.


2020 жылғы 7 желтоқсанда конкурстың нәтижесі хабарланды. Филиал өкілдері І дәрежелі Дипломға ие болды. Дінмухаммед Акпан «Критерий липшицевости тригонометрического ряда с Δl-условием» және «Экстремальные свойства S3 ⊂ C2» тақырыбындағы жұмыстары үшін дипломға ие болды. Бекарыс Бекмаганбетов « «Экстремальные свойства S3 ⊂ C2»» тақырыбындағы жұмысы үшін дипломға ие болды.


Филиал өзінің математиктерін жеңістерімен құттықтайды және алдағы өміпрде мол шығармашылық жеңістер тілейміз!


Диплом1 Bekmaganbetov.jpg


Диплом1 Акпан.jpg


Текст и фото: кафедра математики и информатики