28.12.2020

ММУ Қазақстан филиалындағы «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығының» қонақ дәрістері




2020 жылғы 24 қарашада, 8 желтоқсанда және 22 желтоқсанда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығының» басқарма басшыларының қонақ онлайн-дәрістері болып өтті.


1


Қонақ онлайн-дәрістердің топтамасын Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығының» басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, Т.М. Матаев ашты. Талғат Мұстафаұлы мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің болмысы мен түрлері туралы, Қазақстандағы МЖӘ жобаларының жүзеге асырылуы жөнінде нақты әңгімелеп берді.


2


Қазақстандағы МЖӘ жобаларының жүзеге асырылуының практикалық қыры туралы мәселе Орталық директоры А.О. Көбетовтің сөзіне тиек етілді. Ол қазақстандық нәтижелі жобалар мен оларды жүзеге асырудағы қиындықтар туралы айтып берді.


3


Қорытынды дәрісті «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығының» төрағасының орынбасары заң ғылымдарының кандидаты Д.А. Ешимова оқыды. Ол өз сөзінде әлемдік тәжірибедегі МЖӘ контрактілік модельдеріне назар аударып, МЖӘ жобаларын сараптау мен бағалау мәселелері туралы тоқталды.


Дәрістерге, сонымен қатар, Филиал директоры, экономика кафедрасының меңгерушісі, профессор А.В. Сидорович, кафедра оқытушылары, «Экономика» бағытының студенттері мен магистранттары қатысты. М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығының» басқарма басшылары мен спикерлеріне қызықты та мазмұнды дәрістері үшін алғысын білдіреді!