М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
29.01.2021

Филиал студенттері дәстүрлі ММУ студенттік шамшырақ кездесуінде


2021 жылғы 26 қаңтарда ММУ Қазақстан филиалының студенттері Мәскеу университетінің ректоры академик Виктор Антонович Садовничий қатысқан дәстүрлі ММУ студенттік шамшырақ кездесуінде болды. Кездесу Ресей студенттері күніне арналып, онлайн-форматта өткізілді.


Участники голубого огонька


Филиалдың Студенттік кеңесінің төрағасы Амир Сулейменов біздің Филиалдың студенттерінің атынан Мәскеу университетінің ректоры академик Виктор Антонович Садовничий қатысқан дәстүрлі ММУ студенттік шамшырақ кездесуіне қатысушыларды Ресей студенттері күнімен құттықтап, ММУ ректоры В.А. Садовничийге даңқты тарихы бар әлемдегі үздік университеттердің бірінде білім алу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.


А. Сулейменов, өз сөзінде жаңа 2021 жыл ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдық мерейтойымен ерекше екенін атап өтті. Осынау мерейтойға арналған іс-шараларға Виктор Антоновичтің өзі де келіп қатысатынына сенімін білдірді. Мәскеу университетінің ректоры өз сөзінде Қазақстанның елордасында бірнеше рет болғанын, Филиалда болғанын ерекше ықыласпен атап өтті. Тағы да сондай мүмкіндік туып жатса, міндетті түрде келетінін атап өтті. Қазақстан филиалының студенттері ММУ Студенттер кеңесі ұйымдастырған мерекелік онлайн-іс-шараларға қатысуларын ерекше атап өту керек.

 

Айталық, «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 3 курс студенті Алим Абдулин «Татьянин день». студенттік шығармашылық фестивальдің Мерекелік Гала концертіне қатысып, қатысушылардың барлығы Ресей студенттері күнімен құттықтады:



youtube сайтындағы жазбаны қарау

(А. Абдулин өнер көрсетуі 53:15)


«Филология» бағытының 1 курс студенті Арыстан Иксанов «Студенттік өмір калейдоскопы» атты музыкалық-поэзиялық конкурсқа қатысты. Арыстан өз сөзінде осынау маңызды студенттік іс-шараға қатысу ол үшін өте маңызды екенін айтып берді.


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері Мәскеу университетінің Студенттік кеңесін осындай үлкен студенттік отбасының бір мүшесі екенін сездіргені үшін өз алғыстарын білдірді!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.