М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
09.02.2021

Орыс тілі мен әдебиеті бойынша XV Кәсіби бағдарлық олимпиада



М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресей ғылымы мен мәдениетінің орталығы 2021 жылғы 4 ақпанда Zoom платформасында орыс тілі мен әдебиеті бойынша «И мы сохраним тебя, русская речь, великое русское слово…» атты кәсіби бағдарлық олимпиада ұйымдастырылды.


Участники


Олимпиадаға Нұр-Сұлтан, Теміртау, Өскемен, Алматы қалалары және Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Петропавл, Степногорск, Саран, Көкшетау, Талдықорған, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының мектептерінен 100-ден астам 11 сынып оқушылары қатысты.


Олимипиаданың мақсаты - мектеп оқушыларына орыс тілі мен әдебиетін меңгеруге деген құлшынысын тудыру. Осындай іс-шаралардың арқасында, оқушылар өз тіл білу деңгейін биіктетіп, білімін шыңдайды. Олимпиаданың тапсырмалары мектеп оқушысын ЖОО-ға түсу емтихандарында ұсынылатын жұмыстарды жазуға жаттықтырады және сауаттылығын арттырады.


РЦНК атынан олимпиадаға қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы Россотрдуничество Өкілдігінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресей ғылымы мен мәдениетінің орталығының директоры А. А Коропченко, ММУ Қазақстан филиалы атынан директордың оқу ісі бойынша орынбасары ф.ғ.к., доцент Т. Г. Котлярова және филология кафедрасының меңгерушісі профессор Г. И. Власова құттықтап сөз сөйледі.


А. А Коропченко


Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті: ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының оқытушылары: ф.ғ.д.., профессор Т.В. Кривощапова, ф.ғ.к. А.В. Семенова, аға оқытушылар М.А. Брянская, Е.С. Воронова, Э.В. Мельникова, А.М. Чепкова, Л.А. Задорожная.


Котлярова Т.Г.


Олимпиада нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен марапатталып, грамоталарға ие болады.


Власова Г.И.


Олимпиада жеңімпаздарының есімдері 19 ақпанда белгілі болады және Нұр-Сұлтан қаласындағы РЦНК сайтында жарияланады: е: https://kaz.rs.gov.ru/ru.


[толығырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.