03.03.2021

Ашық есіктер күні


2021 жылғы 28 ақпанда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Ашық есіктер күні өткізілді. Бұл іс-шара Қазақстан аймақтарының жоғары сынып оқушыларына арналған кеңейтілген кәсіби бағдар беру бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Ақпан айының соңғы күні ұйымдастырылған осынау кездесуге Алматы, Түркстан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының мектеп оқушылары шақырылды. Іс-шараға 160-қа тарта қонақ қосылды.


1.jpg


Ашық есіктер күнінің биыл ММУ Қазақстан филиалына енгізілген дистанциялық форматы, еліміздің барлық дерлік бұрышыындағы талапкерлерді көптеп тартуға мүмкіндік береді. Қазақстаннның түрлі аймақтарына нақты назар салудың ерекшелігі сонда, елордадан шет тұратын оқушыларға Мәскеу филиалына оқуға түсуге мүмкіндік жасалынады. Филиал талапкерлерге ақпарат беру мақсатында 2020 жылы үш онлайн-кездесу ұйымдастырылған болатын: 2020 жылғы 6 желтоқсанда Қарағанды, Ақмола облыстарының талапкерлерімен кездесу өткізілді, 2021 жылғы 31 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін ұйымдастырылды. Іс-шаралар легінде осы кездесу төртінші болып отыр. Әр кездесудің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларына Мәскеу университетінің Қазақстан филиалы туралы өзекті ақпарат ұсыну және түсу сынақтарын табысты өтуге байланысты мүмкіндіктерін молайту.


Онлайн-шараны дәстүр бойынша, Мәскеу университеті Қазақстан филиалының директоры, ММУ еңбегі сіңген профессоры Александр Владимирович Сидорович өзінің қошемет сөзімен ашты. «Бүгін маңызды күн, мүмкін бүгін сіздің тағдырыңызда жақсы парақтар ашылып жатқан болуы мүмкін, - деп атап өтті директор, қонақтарды қарсы ала отырып, - Мәскеу университеті өзінің дәстүрін жалғастыратын талантты талапкерлерді күтеді. Мәскеу университеті – өмір жолын дұрыс таңдау. Әлемдегі үздік университеттердің бірі Қазақстан жеріне келіп, жастарға сапалы білім және әлемнің көптеген жерінде мойындалатын диплом алуға мүмкіндік беруді мақсат етеді. ММУ планетамыздағы жетекші алдыңғы жүздіктің ішінде саналады. Ол өзінің осындай беделін алғаш құрылғаннан яғни 1755 жылы құрылғаннан бастап, 266 жыл бойы жинады». Александр Владимирович оқуға түсу тәртібі, түсу сынақтары, туралы, Нұр-Сұлтан қаласында және Мәскеуде оқу траекториясы туралы нақты баяндап берді. Сонымен қатар, емтиханға дайындалу бойынша нақты ұсыныстар мен кеңестер берді. Ағымдағы жылы талапкерлерге қашықтықтан бірден бірнеше бағыт бойынша құжат тапсыру мүмкіндігі беріледі. Филиалда бакалавриатта білім алу бес бағыт бойынша жүргізіледі: «Математика», «Қолданбалы математика және информатика», «Филология», «Экология және табиғатты пайдалану», «Экономика»; магистратура бойынша алты бағдарлама бойынша – «Математикалық модельдеу», «Орыс тілі өзгетілді аудиторияда», «Медиалингвистика», «Табиғатты пайдалануды басқару», «Қаржылық талдау» және «Ұлттық экономика».


Өзінің сөзінде директор Филиалдың табысты еңбек етіп жүрген түлектерін ерекше атап өтті. Ол түлектеріміз Қазақстанның оңтүсітк және басты аймақтарында қызмет етуде. Сөз соңында директор бүгінгі Ашық есіктер күніне келген талапкерлердің жолы болып, Мәскеу университетінің семьясына қосылып, таңдаған саласы бойынша биік кәсіби жетістіктерге жетеді деп сенім білдірді.


Рисунок1+.png

Кездесудің жалғасында сөз сөйлегендер, Мәскеу университеті мен Қазақстан филиалы кафедраларының өкілдері атап айтқанда – Г.А. Чечкин – физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ профессоры; С.В. Богомолов – физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ профессоры; О.А. Волошина – филология ғылымдарының кандидаты ММУ доценті; В.Р. Битюкова – ММУ географияфакультеті деканының орынбасары, ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, профессор; В.А. Зубенко, экономика ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті, – өз бағыттары бойынша оқудың ерекшеліктері туралы, олардың Қазақстан Республикасы үшін маңызды орны бар екендігі туралы айтып берді. Оқуға түскен студенттердің және бітірген университетті бітірген түлектердің алдынан ашылатын жақсы жолдар туралы өз ойларын айтты.


Жалпы кездесудің соңында Александр Владимирович қонақтардың онлайн-шараның чатына келіп түскен сұрақтарына жауап берді. Филиал Директоры, білім беру грантына иелену үшін түсу емтихандарын табысты тапсыру керектігін және ҰБТ мен ЕГЭ нәтижелері ескерілмейтіні туралы айтты. Барлық түсу сынақтары жазба түрде өткізіледі және құрамында пәндер блогы беріледі:

математика және орыс тілі - «Математика», «Қолданбалы математика және информатика» мен «Экономика» бағыты үшін;


 география және орыс тілі  «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты үшін;


орыс тілі мен орыс әдебиеті, шет тілі - «Филология» бағыты үшін.


Емтиханды тапсыру кестесі, тәртібі, формасы (онлайн немесе оффлайн, Нұр-Сұлтан қаласында) елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады, кейінірек нақтыланады, ақпарат алдын ала университеттің сайтында жарияланады. Барлық студенттерге Нұр-Сұлтан қаласындағы ММУ Студенттер үйінен орын беріледі. Бұл Студенттер үйі елорадамыздағы жатақханалардың ішіндегі, тіпті Мәскеудегі Студенттер үйлерінің ішіндегі ең жайлысы да жақсысы болып саналады.

 



5.jpg


Отвечая на вопрос о способах поддержки выпускников, директор подчеркнул, что Филиал стремится поддерживать своих выпускников, ежегодно проводит Ярмарки вакансий, куда приглашаются потенциальные работодатели – представители крупнейших национальных и частных компаний, университетов, школ и СМИ. Филиал имеет соглашения с Национальным банком, Счетным комитетом, Казмедиа центром и другими организациями, где студенты Филиала проходят практику, и могут быть впоследствии приняты на работу. Программа обучения по всем направлениям в Филиале такова, что студенты получают необходимые знания, реализуемые на практике, и отлично подготовлены к работе по специальностям. «Мы очень ждем абитуриентов в том числе и из Южных и Западных областей Казахстана – крупнейших регионов страны, – подчеркнул директор. – Количество студентов из регионов ежегодно увеличивается, и мы гордимся талантливой молодежью».


11ы.png


Далее гости перешли в отдельные виртуальные аудитории, чтобы познакомиться с преподавателями Филиала и Московского университета, а также услышать подробности о выбранном направлении и получить ответы на вопросы и рекомендации по подготовке к экзаменам.


Направление "Прикладная математика"


Ашық есіктер күнінің соңы «Талапкер - Абитуриент» орталығының өкілдерімен кездесуге ұласты. Орталықтың жетекшісі Н.К. Галиева және дайындық бағдарламаларының инспекторы И.А. Королькова бакалавриат пен магистратураа түсушілерге арналған дайындық бағдарламалары туралы айтып берді. Сөздерінің соңын ала олар Филиалдың сайты бойынша виртуалды экскурсия жасады, пайдалы ақпаратты қалай табуға болатыны жөнінде кеңестер берді.


Қазақстан аймақтарының оқушыларымен болған алдыңғы онлайн-кездесулер барысында орыс тілі мен математика пәндері бойынша шеберлік сыныптары өткізілген. Онда дайындау бағдарламаларының оқытушылары өткен жылғы түсу емтихандарында берілген тапсырмаларға түсініктеме жасап өткен. Кәсіби бағдар беру аясында өткен шеберлік сыныптарында Филиал оқытушылары емтихан тапсырмаларының сипатын түсіндірді және оқушыларға түсу емтиханында өз мүмкіндіктерінің аясын кеңейтуге мүмкіндіктер жасауға ұмтылдырды (Шеберлік сыныптарының жазбасын біздің сайттың "Поступающим" бөлімінен қарауға болады).


Ашық есіктер күніне қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және ММУ Қазақстан филиалында күтеміз!