М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
04.03.2021

ММУ Қазақстан филиалының студенті шет тілі бойынша халықаралық онлайн-олимпиаданың жеңімпазы атанды


2021 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына арналған халықаралық студенттік шет тілі бойынша онлайн-олимпиада болып өтті. Іс-шара Microsoft Teams онлайн-платформасында өткізілді және ұйымдастырушылар – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультеті болды.




Олимпиада қорытындысы бойынша, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Экономика» бағыты бойынша оқитын 1 курс студенті Мирошников Кирилл 3-ші жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі – PhD докторы, филология кафедрасының доценті Аймолдина Әлия Аманжоловна.


Биыл олимпиада онлайн форматта өткізілді, ол өз кезегінде қатысушылардың географиясын кеңейтуге, басқа елдердің студенттерін қатысуға шақыруға мүмкіндік берді. Олимпиадада ТМД 6 елінің 24 университетінен 125 студент қатысты. Олардың қатарында: Ресей халықтар достығы университеті, Гжель мемлекеттік университеті, Орал мемлекеттік экономикалық университеті, Шешенстан мемлекеттік университеті, Петрозаводск мемлекеттік университет, Сургут мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Федерациясы), Белорус мемлекеттік университеті (Беларусь), Киев ұлттық технология және дизайн университеті, Мариуполь мемлекеттік университеті (Украина), Ж. Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университеті (Қырғызская Республикасы), Нөкіс мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан). Атап өтетін тұсы, әр университеттен тек 2 қатысушы болуы талап етілді. Олимпиадада ағылшын, француз, испан және неміс тілдері бойынша бағыт қарастырылды.


Ағылшын тілі бойынша Олимпиадада тілдік емес мамандықтардың 1 курс студенттері қатыстырылды. Олимпиада екі турдан тұрды: I тур – аудиомен жұмыс; II тур – тілдің иегері болған ұлт өкілімен ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қорытынды турға қатысу құқығын бірінші турдан жеке сынақта 70 % дұрыс жауап жинаған қатысушы ғана иелене алды. Қазылар алқасы құрамында шетелдік және отандық мамандар болды, сонымен бірге тіл иегерлері қатысты.


ММУ Қазақстан филиалының студенттері ағылшын тілін білудің жазбаша да, ауызша да биік деңгейін көрсете білді, сонымен қатар, кең аялы тақырыптағы коммуникативтік қарым-қатынасқа, оның ішінде мамандығына да қатысты, дайын болу.


Олимпиада қатысушылары мен олардың жетекшілері қатысқаны туралы сертификаттар мен Алғыс хаттар тапсырылды.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.