30.03.2021

Филологияның өзекті мәселелері


  


2021 жылғы 26 наурызда ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасында «Филологияның өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті. Оқытушылар бағдарламаға биыл енгізілген жаңа пәндер бойынша сабақтар өткізу тәжірибелерін талқылады, жаңа курстардың бірінен оқу құралын ұсынды.

 


Іс-шара барысында «Филология» бағытындағы 4 курсқа арналған пәндер талқыланды: «Стилистика және сөз мәдениеті» базалық курс (оқытушылар: ММУ филология факультетінің орыс тілі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Л. А. Жданова, Филиалдың филология кафедрасының аға оқытушысы М. А. Брянская) және арнайы курсы «Қазақстандағы заманауи әдеби процесс» (оқытушылар: Филиалдың филология кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д. Г. И. Власова, Филиалдың филология кафедрасының профессор, ф. ғ.д. Т. В. Кривощапова).





«Қазақстандағы заманауи әдеби процесс» пәнін меңгертудің мақсаты студенттердің Қазақстандағы заманауи әдеби процесті, дербес тарихи-әдеби құбылыс ретінде тұтастай түсінігін қалыптастыру, курс арқылы Қазақстанның орыс және орыстілділер әдебиетінің дамуының жалпы үрдістері қарастырылады. Курс аясында Қазақстандағы орыс жазушыларының шығармашылығы жанрлық-типологиялық қырдан меңгертіледі, форма мен мазмұнның түрлі деңгейлері тұрғысынан жүргізу көркем мәтінді талдау жолдары қарастырылады.







Г. И. Власова және Т. В. Кривощапова курстың ереукшелігі туралы ғана емес,студенттердің әдебиеті мен мәдениетін қалай қабылдайтыны туралы да баяндап берді. Студенттердің пікірлері осындай курстың керек екенін танытты.

 

 Одан басқа, оқытушылар осы арнайы курс бойынша әзірленген «Қазақстандағы заманауи әдеби процесс» атты оқу құралын таныстырды. Оқу құралын әзірлеудің мақсаты Қазақстандағы әдеби процестік типологиясын меңгерту және оның дамуының бағдарын таныту, орыс ақындары мен жазушыларының көркемдік әлемінің ерекшеліктерін меңгерту болып табылады. Оқу құралында дәрістер, тапсырмалар және көркем әдеби мәтіндер берілген. Оқу құралының құрылымына – курстың жұмыс бағдарламасы, дәріс пен семинарлардың мазмұны, студенттерге арналған тапсырмалар жүйесі кіргізілген.


Бірінші бөлімде Қазақстанның орыстілді ақындар О. Сулейменов, Б. Кенжеев, Б. Канапьянов, Б. Каирбеков, В. Михайлов шығармалары қарастырылады, екінші бөлімінде Д. Накипов, Н. Веревочкин, М. Земсков, И. Одегов, О. Марк, Е. Клепикованың шығармашылық жолдары қарастырылған. Оқу құралында әдебиетті меңгерудің тарихи-хронологиялық жолы және жанрлық тұрғыдан келу жолы қатар берілген. Заманауи әдеби процестің – автор, оқырман және әдеби сыншы ұғымдарына түсінік берілген, жазушылардың өзіндік стратегияларына талдау жасатылу көзделген. Шолу тақырыптарында орыс әдебиетінің менталдығы мәселесі қарастырылады, Қазақстандағы орыстілді әдебиеттің жанрлары, Ресей мен Қазақстан медиакеңістігіндегі әдебиеттің қызметі туралы айтылады.




М. А. Брянская «Стилистика және сөз мәдениеті» атты курсты оқыту барысында студенттермен жүргізілетін жұмыстар туралы айтып берді. «Стилистика және сөз мәдениеті» курсының мақсаты – студентерді тіл құралдарын қолдануға стилистикалық білім тұрғысынан келу жолын үйретіп, лингвистикалық сезімталдығын ұштау және орыс әдеби тілінің нормаларын меңгертуге деген қызығушылығын ояту. Студенттердің сөзді дұрыс айтуға, тілдің деректерді танып, жіктеп, салыстыра алу дағдалын қалыптастыру.



Ғылыми-әдістемелік семинар табысты өтті – оқытушылар кафедраның әдістемелік, ғылыми және білімдік потенциалының дамығанын атап өтті.