21.04.2021

«Еуразия – ынтымақтастық, бейбітшілік пен келісім кеңістігі» тақырыбындағы Еуразиялық жастар форумы


 



2021 жылғы 13–15 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы және М.В. Ломоносов атындағы ММУ Студенттік одағы онлайн-форматта Филиалдың 20 жылдығына арналған алғашқы «Еуразия – ынтымақтастық, бейбітшілік пен келісім кеңістігі» тақырыбындағы Еуразиялық жастар форумын өткізді.



Форум «Ломоносов–2021» Халықаралық ғылыми конференция аясында өткізілді, оған студенттер, магистранттар, аспиранттар мен жас ғалымдар, атап айтқанда, М. В. Ломоносов атындағы ММУ-дің шетелдегі яғни Нұр-Сұлтан қаласындағы, Бакудегі, Душанбедегі, Еревандағы және Ташкенттегі филиалдарының өкілдері қатысты.



Участники


Еуразиялық жастар форумының мақсаты – М. В. Ломоносов атындағы ММУ филиалдарының бірігуі және ғылыми, білімдік потенциалын дамыту. Сол арқылы еуразиялық кеңістіктегі елдердің жастарының мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын бекіту, ММУ филиалдары арасындағы байланысты нығайту, жастардың ғылыми белсенділігін дамыту, оларды заманауи ғылым мен білімнің өзекті мәселелерін шешуге баулу болып табылады. Форумның жұмысы барысында қатысушылар филиалдардың қызмет ететін елдердің жетістіктері мен даму мәселелерімен танысты.



Садовничий В.А.


«Еуразия – ынтымақтастық, бейбітшілік пен келісім кеңістігі» форумының пленарлық мәжілісі М. В. Ломоносов атындағы ММУ ректоры РҒА академигі В. А. Садовничийдің құттықтау сөзімен ашылды. «Біз осы араға еуразиялық кеңістікпен тарихи дамуы байланысты болып отырған елдердегі өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналып отырмыз. Білім мен ғылымның биік мақсаттары көздей отырып, бауырлас халықтардың мәдени ортақтастығын сақтау мақсатында бізге бірлесе жұмыс жасау қажет болып отыр. Бүгінгі күні ММУ филиалдары зор күшке айналып отыр – түрлі елдегі 6700 түлектеріміз ММУ дәстүрін дамытуда. Мәскеу университетінің тұңғыш филиалы – Қазақстан филиалы, 2001 жылы Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылған болатын. Еуразиялық интеграцияның болашағы қазіргі жастардың қолында. Осы форум барысында заманауи сын-қатерлерге төтеп бере алатын конструктивті шешімдер туындайды деп сенемін», – деп атап өтті ректор.





М. В. Ломоносов атындағы ММУ проректоры, ММУ Халықаралық қатынастар Басқармасының басшысы Ю. А. Мазей Форумның Мәскеу университеті үшін жаңа бағыт болатынын атап өтті. ММУ маңызды міндеттерді шешуде – түрлі елдердегі студенттер мен оқытушылар арасында қарым-қатынас орнатып, біріккен жобалар орындауға негіз қалап, сол арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев ММУ қабырғасында ұсынған еуразиялық идеяны дамытуға үлес қосуда.



Зимакова Е.И.


Мәскеу университетінің Студенттік одағының төрағасы, ММУ дарынды жастарымен жұмысты ұйымдастыру мен әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Е. И. Зимакова да студенттер арасындағы достық қарым-қатынас формалды емес, осындай халықаралық ғылыми іс-шара барысында қалыптасады деп айтып өтті. «»Біз осыған дейін де ММУ Қазақстан филиалының студенттерімен жұмыс жасадық және идеяларымызбен бөлістік, ал бүгін барлық филиал студенттерімен неғұрлым жақын кездесіп, тәжірибе алмасып, болашақ жобалардың негізін қалауға мүмкіндіктер алып отырмыз», -деді Е. И. Зимакова.



М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, ММУ еңбегі сіңген профессоры А. В. Сидорович осы Форумды ерекше оқиға деп бағалады. «Көптеген жылдар бойы біз алғаш рет бірге жиналып отырмыз, бұл Форум жастардың қауымдастығын құрып, ол болса тұтас еуразиялық кеңістік үшін игілікті істерді бастамашыларына айналуы керек. ММУ Қазақстан филиалы – Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлайтын Қазақстандағы Мәскеу университеті. Біз 2001 жылы құрылып, содан бері өткен 20 жылдыың ішінде үлкен жолдан өттік, сонымен бірге ғылым мен білім беру саласында үлкен табыстарға да қол жеткіздік, сөйтіп, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналдық. Филиалдың қызметі Қазақстан мен Ресейдің достық байланысын нығайтуға қомақты үлес қосып келеді. Біз өз алдымызға игі міндеттерді қойып және оларды шеше отырып, қиындықтарды еңсереміз және алға баса береміз! Пандемияның осынау күрделі сәттерінде филиалдардың өзара ынтымақтастығы ағартушылық миссияға қарай биіктеп барады. Біз өз түлектерімізді өз елдерінде көшбасшы болуға үйретеміз, және халықаралық байланыстың нығаюы – болашақ мәселесі», – деді А. В. Сидорович.



ММУ Қазақстан филиалының Студенттер кеңесінің төрағасы «Экономика» бағытының 3 курс студенті А. Сулейменов Форумға қатысушыларды құттықтап, оларға нәтижелі ынтымақтастық тіледі.

 


Участники круглого стола


Форумның жұмысы Дөңгелек үстелде өз жалғасын тапты. Оған М. В. Ломоносов атындағы ММУ-дің шетелдердегі филиалдарының жастар ұйымы өкілдері қатысты. Қатысушылар студенттік қауымдастықтың (орталықтар, клубтар, студиялар т.б.) жастардың тұлғалық қасиеттері қалыптасуындағы, ізгілік құндылықтарды тани білуге дағдылануындағы орны туралы пікір алысты. Сонымен бірге, ММУ шетелдегі филиалдар жастарының білім, ғылым, мәдение салалардағы ынтымақтастығын дамыту жолдары туралы талқыланды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар филиалдардың өмірімен танысты, тәжірибелерімен бөлісіп, жетістіктері туралы баяндап берді, мүмкін болса, тығыз байланыс орнату жолдары туралы мәселені қарастырды және басқа да көптеген қызықты университетаралық байланысты нығайту туралы ұсыныстарын білдірді.



Еуразиялық жастар форумының жұмысының негізгі бағыттары ғылым, білім, мәдениет салаларындағы еуразиялық ынтымақтастық идеясын практикада жүзеге асыру жолдарын талқылау болды, сонымен бірге еуразиялық кеңістіктегі мемлекеттер арасындағы достық, бейбітшілік пен келісім қатынастарын дамыту мен нығайту жолдары туралы сөз етілді.

 

Өзекті ғылыми мәселелер ММУ-дің студенттері, магистранттары, аспиранттары мен жас ғалымдарына арналған «Ломоносов–2021» Халықаралық ғылыми конференцияның секцияларында оқылған баяндамаларда көтерілді. Секциялар келесідей аталды:

 


  1. Еуразиялық ынтымақтастық және ұлттық экономикалардың дамуы.

 

  1. Орыс тілі және еуразиялық кеңістіктегі русистика

 

  1. Іргелі және қолданбалы математика.

 

  1. Жер туралы ғылым және Еуразиялық кеңістіктің экологиялық мәселелері.


Секцияларда ұсынылған баяндамалар жас зерттеушілердің салмақты жұмыстарын көрсетті және аудиторияның қызығушылығын тудырды. Сұрақтар арқылы баяндамашының уақыт шектеулілігіне байланысты айта алмаған көптеген қырларын таныстыруына мүмкіндік берілді.

 

Форумның жұмысы барысында бірлескен ғылыми жобалар, білімдік және ағартугшылық бағыттағы жастар жобаларын орындау туралы ұсыныстар жасалынды, Мәскеу университетінің филиалдарының одан әрі өзара байланысын нығайту стратегиялары айқындалды. ММУ Қазақстан филиалын құрылуының 20 жылдығына арналған көптеген құттықтаулар айтылды. Іс-шараның ұйымдастырушылары Формиуның жемісті болғанын атап өтті, ендігі ретте жыл сайын еуразиялық кеңістіктегі елдердің жастарының басын біріктіретін Мәскеу университетінің жаңа дәстүрі болып табылатын Форумға сәт сапар тіледі.

 

[нақтырақ...]