М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
12.05.2021

Жеңіс күні





2021 жылғы 6 мамыр күні М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында ұжымының Жеңіс күніне арналған салтанатты жиналысы болып өтті. Іс-шараға Филиалдың студенттері, магистранттары, оқытушылары қатысты.


А.В. Сидорович


«Соғысты басынан кешірген немесе ол туралы естіген барлық халық Жеңіс күнін тойлайды. Ұлы Отан соғысының оқиғалары неғұрлым алыстаған сайын, Ұлы Жеңісті жақындатқан батырлардың ерліктері жадымызда жарқырай түседі. Біздің халықтарымыз біріге отырып, тарихи жеңіске қол жеткізді және ққайғыда да, қуанышта да бірге болудың үлгісін көрсетті, дәстүріміздің құрметтеп, өз тарихымызды есте сақтауға үйретті. Біздің халықтарымыз ерліктерін біріктіріп, болашақ үшін осы достықтың үзілмеуіне, Жеңіс туралы жадымызда мәңгі сақтауға барын салады», – деді М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры А. В. Сидорович кездесуді ашу барысында сөйлеген сөзінде.




Іс-шараға қатысушылар, Ұлы Отан соғысының қиын кезеңдерін бас ие еске ала отырып, соғыс зардабы туралы өлеңдер оқытыд, соғыс жылдарында шырқалған әндерді шырқады.Олардың барлығы біздің мәдениетіміздің бір қабатына айналғаны да белгілі. Сонымен бірге тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, Филиал студенттерінің Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арнап шығарған «Соғыс туралы Естелік кітабынан» үзінділер оқыды. Ұрпақтан келесі ұрпаққа жеткізілетін осынау ерлікке толы жылдардың оқиғасы халық жадынан жойлмайды, батырлардың ерліктері мәңгі есте сақталады. Қайтыс болған батырлар құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланды.


Минута молчания


Ұлы Отан соғысының өмірлік сабақтарының құны теңдессіз қымбат болғаны белгілі, бірақ олар бізді бірлік пен ынтымақтастыққа үйретеді. Біз бейбіт өмірді бірлесіп сақтауға, басынушылыққа жол бермеуге, ұлттық және нәсілшілдікке қарсы тұруға тиіспіз.




Соғыстың ешкімді алаламастан, әрбір отбасына тигізген қайғысы жан жарасына айналғаны белгілі. Жеңіскер-халықтың мақтанға лайықты ұрпағы ретінде, біз әрбір соғыстан қайтпай қалған солдат туралы есімізде тұтуымыз керек. Ұлы Жеңісті жақындатқан әрбір тыл жұмыскеріне деген құрметімізді сақтауымыз керек. ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарында болған осынау қырғын оқиғаның бірнеше ұрпаққа жетіп есте сақтауы – батырларға деген тағзым!

 

М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері, түлектері, оқытушылары мен қызметкерлері, олардың туыстары мен жақын-жұрағаттары осыны есте сақтап келеді және әрдайым естерінде сақтайды!



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.