М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
17.05.2021

«Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі заман» халықаралық ғылыми-практикалық конференция


2021 жылғы 14 мамырда «Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналады.



Аталған іс-шарада экономиканың, филологияның, экологияның, математиканың, және Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мәселелері бойынша Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар циклы өз жалғасын тапты. Бұл конференциялар циклын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасымен бірге М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы өткізіп келеді.

Осы ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты мен міндеттері – қазақ мемлекеттілігінің дамуындағы басты тарихи кезеңдердің, түркі халқының ұлы ойшылдарының рухани мұрасын зерттеу жолымен халықтың тарихи санасының қайта түлеу жолдарының мәнін терең түсіну, қазақы қоғамдық-саяси ойдың жетістіктерін тану, сонымен бірге заманауи қазақ қоғамының келешегі мен даму бағыттары, қазақстандық халықты біріктіретін және бірлігін нығайтатын құндылықтары мен идеялары туралы талқылау. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы қарым-қатынастың дамуы туралы мәселелерге маңызды орын берілді.


Темирболат Б.Б., Библиотека Елбасы

(с) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы


Ғылыми-практикалық конференцияның Пленарлық мәжілісін оның модераторлары ашып, кіріспе сөз сөйледі: Темірболат Бақытжан Берікбайұлы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасының директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты, Сидорович Александр Владимирович – М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, М.В. Ломоносов атындағы ММУ еңбегі сіңген профессоры, экономика ғылымдарының докторы. Өзінің сөзінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының директоры Темірболат Бақытжан Берікбайұлы М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының ұжымын мерейлі датамен құттықтады. Мәскеу университетінің Қазақстан филиалы Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланысын нығайтудағы және қазақстандық білім мен ғылымды дамытуға үлес қосудағы орнын ерекше атап өтті.

Қазақстан филиалының директоры Сидорович Александр Владимирович М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің ректоры Виктор Антонович Садовничийдің конференцияға қатысушыларға құттықтау сөзін оқып берді. Құттықтау сөзде Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи қалыптасқан байланысты зерделеуде осы конференцияның маңыздылығы атап өтілген. Профессор А.В. Сидоровичтің Пленарлық мәжілістегі баяндамасы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев және Мәскеу университеті» деп аталып,  онда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Мәскеу университетін, ең алдымен, ММУ ректоры, академик В.А. Садовничиймен байланыстыратын жылы және достық қатынастардың тарихын баяндап берді.


Сидорович А.В.


Өзінің сөйлеген сөзінде Қазақстан филиалының директоры Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев және Мәскеу университетінің арасындағы қарым-қатынастың дамуының кезеңдерін, еуразиялық  интеграцияның дамуын және Н.Ә. Назарбаевтың дәрістеріндегі білім берудің маңызды рөлін алдап өтті. Баяндамаға қосымша ақпарат берген презентациясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ММУ-де, 2009 жылы Астана қаласында өткен Еуразиялық университеттер ассоциациясының съезінде сөз сөйлеген сәттерін, ректор В.А. Садовничиймен кездесулерін, Мәскеу университетінің ұжымымен, ММУ Қазақстан филиалының студенттерімен кездескен сәттері таңбаланған  ерекше құжаттар мен раритеттік фотолар көрсетілді.

Пленарное заседание

(с) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы

Пленарное заседание


Халықаралық конференцияның пленарлық мәжілісіне қатысып, баяндама оқыған, қошемет сөздерін айтқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңдерінің бастауында тұрған мемлекеттік және қоғам қайраткерлері: Абдильдин Ж.М. – ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор; Сұлтанов К.С. – Қазақстан Республикасы Паралменті Сенаты жанындағы сенаторлар Кеңесінің мүшесі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор; Сүлейменов К.Ш. – ІІМ экс-министрі генерал-полковник; Рогов И.И. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор.

 

Республиканың сонау тарихи оқиғаларының қатысушылары Қазақстан Тәуелсіздігі қалыптасуының қиын кезеңдері жайында естеліктерімен бөлісті, сол қиын кезеңдегі  еліміздің дамуының стратегиясын айқындаудағы, мемлекетіміздің дамуында шешуші орын алған көптеген түбегейлі мәселелерді, атап айтсақ, конституциялық, саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және халықаралық  мәселелерді  шешудегі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ерекше рөлі туралы айтты.

 

Пленарлық мәжілісте, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің  Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі  Азильханов М.А. сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Елбасы бастамаларының ішіндегі бастысының маңызына тоқталды. Ондай бастама – мемлекеттің бейбіт дамуы мен республикада ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудың кепілі болатын Қазақстан халқы Ассамблеясын құру еді.


Онлайн-аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырғандар – Қазақстан және Ресей мемлекеттік, блім беру және ғылыми мекемелердің басшыларының баяндамалары болды. Атап айтар болсақ: Шаукенова З.К. – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор; Пивовара  Е.И. – Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің Президенті, М.В. Ломоносов атындағы ММУтарих факультетінің Таяу Шығыс елдері тарихы кафедрасының меңгерушісі, РҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Сыздыкова  Ж.С. – М.В. Ломоносов атындағы Орталық Азия және Кавказ елдері тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Абдукадырова Д.Ю. – Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының  директоры; Әбіл Е.А. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті Мемлекет тарихы  институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.


«Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысын келесі аталымдағы үш панельдік сессия жалғастырды: «Заманауи Қазақстан: жетістіктер, мәселелер, перспективалар», «Қазақстан  - тарихтың басты белестері», «Ғылыми, білім беру, мәдени байланыстар және ынтымақтастықтың бағыттары».


Панельдік сессияның жұмысына белгілі ғалымдар мен сарапшылар, Қазақстан және Ресей жетекші ғылыми-зерттеу институттардың, орталықтардың, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Сессияға қатысушылардың атап өтуінше, Тәуелсіздіктің биік белесі болып табылатын осы 30 жылдық мерейтойы мемлекеттің жүріп өткен жолын, жетістіктер мен мәселелерді саналылықпен түсінуге, әрі қарай даму жолдарын анықтауға міндеттейді. Қол жеткізілген жетістіктердің қатарында ерекше орын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық бастамасына беріледі. Ол бастаманың жүзеге асырылуының көрінісі Еуразиялық одақтың құрылуы, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастық қарым-қатынасының нығаюы болып табылады.


секция1


«Заманауи Қазақстан: жетістіктер, мәселелер, перспективалар» атты панельдік сессияның аясында  жаһандану жағдайындағы қазақстандық құндылықтардың өзгеруі /трансформациялануы туралы; жалпыәлемдік тарихи процестер контексіндегі ұлттық тарихты қайта түйсіну; БАҚ құралдары арқылы заманауи Қазақстанның имиджін және келбетін асқақтату; қазақ философиялық ойының дамуы - ұлттың өзіндік санасының қалыптасу факторы ретінде; заманауи әлеуметтік жүйеде өзіндік ұлттық бірегейлігі қалыптасуының ресурсы ретіндегі салт пен дәстүрдің рөлі туралы; Қазақстанның мәдени мұрасы мазмұнындағы ислам философиясының орны туралы мәселелер қарастырылды. Сонымен бірге, сессияда 3d форматтағы виртуалды музейлердің даму мәселелері қарастырылып, оның Қазақстан этностарының тарихы мен мәдениетінің консервациялануы мен трансмиссиясы ретінде тану мәселелері сөз етілді: «заманауи тарихи әдебиеттердегі мемлекет» және «мемлекеттілік» ұғымдарының сәйкестілігі; «Ұлы Дала Елі» және «Мәңгілік Ел» тұжырымдарының заманауи ұлттық саясат контексіндегі маңызды орны туралы қарастырылды.


Сессияның жұмысына Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығының директоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абусеитова М.Х.; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Азиялық зерттеулер институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ким Г.Н.;  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, философия ғылымдарының докторы, профессор Сейтахметова Н.Л. және Қазақстан және Ресейдің жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының басқа да белгілі ғалымдары мен профессорлары қатысты.



«Қазақстан – тарихтың басты белестері» атты панельдік сессияда  Қазақстан тарихының түрлі кезеңдерінде туындаған маңызды мәселелерді тереңнен түсінуге арналған баяндамалар тыңдалды, олардың ішінде: Дала өлкесінің Мемлекеттік думадағы өкілдігіне қатысты патшалық үкіметтің жүргізген саясаты; Қазақстандағы ХІХ- ХХ ғасыр басындағы кезеңде жүргізілген ұлтаралық қатынастар; Дала өлкесінің  әкімшілігінің жобаларындағы қазақстандық тұрғындардың тілі мен діні; ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақ даласы мен Омбының орыс-қазақ шаруашылық және мәдени байланыстары; Орталық Азиядағы ұлттық құрылыстың аясында өткізілген Шығыс халықтарының І съезі; өркениетаралық дискурстегі қазақтардың мәдени коды. Тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырған баяндамалар қатарында көптеген түркі халықтарының тарихындағы өзіндік ерекше орны бар тарихи тұлғалар туралы баяндамаларды атауға болады. Оларда Хиуа хандығы тағына отырған қазақтың шыңғыстан тараған ұрпақтары туралы, Жүсіп Хас Хажыб Баласағұнидың тарихи-философиялық шығармасы мен оның заманауи қоғамдық саяси өмірдегі алатын маңызды орны туралы мәселелер сөз етілген еді. Сессияда, сонымен бірге, кеңестік дәуір туралы мазмұндағы баяндамалар оқылды, оларда тарихтың ортақ мәселелерімен қатар, қазақтардың модерн заманындағы өзін-өзі басқару дәстүрлері; Қазақ КСР-індегі 1940-шы жылдардағы балалар үйі, балаларға арналған мекемелер мен баспанасыз қалған жетімдік туралы; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан әйелдерінің ерен еңбектері туралы мәселелер қарыстырылды.

 

Сессияда, сонымен бірге, құнды мазмұнымен ерекшеленген баяндамасымен Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы Коновалов И.А., Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Ұлттық мәдениет және тарихи-антропологиялық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сактаганова З.Г., аталған панельдік сессияның жүргізушісі болған, РҒА Ресей тарихы институтының жетекіш ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжолова Д.А., Мәскеу университетінің тарих факультетінің жетекші ғалымдары, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан бойынша белгілі университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарының кафедра меңгерушілері, бас ғылыми қызметкерлері сөз сөйледі.

 


Секция 3


«Ынтымақтастықтың ғылыми, білім беру, мәдени байланыстары және бағыттары» атты панельдік сессияда баяндамаларды талқылау барысында көтеріліп, талдауға түсірілген келесідей мәселелерді атап өтуге болады: Қазақстанның және Ресейдің ғылыми әлеуетін сақтау мен дамытудың факторлары; кинодраматург Д.Л. Тарасовтың өмірбаяны; өкімет құндылық ретінде; Қазақстан және Ресейдің «естелік орындары»; Қазақстанның желілік адамы; Қазақстан тарихын зерттеуге ресей шығыстанушыларының қосқан үлесі және т.б.

 

Сессияда Қазақстанның, Ресейдің, Тәжікстанның жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының көрнекті ғалымдары, профессорлары баяндама оқыды, олар - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Какенова Г.М., РҒА Сібір бөлімінің Омбы археология, этнография және мұражайтану лабораториясының жетекші ғылыми қызметкері, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің этнология, антропология, археология және мұражайтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Томилов Н.А.; РҒА Сібір бөлімінің Философия және құқық институтының жетекші ғылыми қызметкері, әлеуметтік және құқықтану зерттеулер бөлімінің меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абрамова М.А. және т.б. Панельдің сессияда қарастырған мәселелері ғылыми аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды.


«Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысы табысты және биік деңгейде өтті. Ұсынылған баяндамалар ғылыми жаңашылдығы мен мәселені терең талдауымен ерекшелігін танытты. Сондықтан да Пленарлық мәжілісте де, панельдік сессияларда да қарастырылған мәселелердің барлығы конференцияға қатысушылар тарапынан шынайы қызығушылық тудырды. Іс-шараға қатысушылар өз идеяларымен және пікірлерімен бөлісті, туындап отырған тарихи, философиялық, саяси және әлеуметтік мәселелерді шешудің мүмкін жолдары мен тәсілдерін алға тартты, ММУ Қазақстан филиалының атына 20-жылдық мерейтойына байланысты көптеген құттықтаулар мен жақсы тілектер айтылды. Конференцияға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне осындай конференцияны ұйымдастырып, өздерінің ғылыми көзқарастарын ортаға салуға, ой бөлісуге берген мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.


«Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы Ресей мен Қазақстанның ғылыми, мәдени, білім беру ынтымақтастығына қатысты өзара байланысының, қарым-қатынасының айрықша маңыздылығы мен құндылығын және екі ел арасындағы ғылым мен білім саласындағы байланысын одан әрі нығайтудың маңызын дәлелдеді. Осы байланысты нығайтудағы Мәскеу университетінің Қазақстан филиалының ғылым мен білім беруге қатысты және Қазақстандағы біртұтас қазақстандық-ресейлік гуманитарлық ынтымақтастықтың мәселелерін шешудегі ерекше рөлін бірауыздан атап өтті.

 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына барлығы 40 баяндамашы және 170 тыңдаушы қатысты.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.