20.05.2021

ММУ Қазақстан филиалында 3-7 мамыр аралығында Дене шынықтыру және спорт апталығы болып өтті


Мамыр айының басында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында әрбір студенттің денсаулығын сақтау, иммуниететін нығайту және денесін шынықтыру мақсатында «Дене шынықтыру және спорт апталығы» болып өтті. Іс-шараның мазмұнында қатысушыларды неғұрлым мол етіп қатыстыру үшін спорттың көптеген түрлері қамтылған, көздеген мақсатқа қол жеткізілді!


Апталық шахмат сайысынан басталды. Турнир қатысушылары көп болған жағдайда аз турмен өтуге мүмкіндік беретін шевейцарлық жүйемен өткізілді. Бұл жүйе ойыншыларды әділ бағалауға және турнирдің жеңімпазын анықтауға мүмкіндік береді.


Шахматы


Ең үздік ойыншы ретінде ВМК-11 студенті Байшагиров Ануар танылды, ол бірінші орынға ие болды.


Екінші орынды ММ-11 студенті Жұмаханов Есімхан иеленді.

 

Үшінші орын ВМК-21 студенті Азатов Тайырға берілді.


Танцевальная аэробика


Содан соң 1 және 2 курстың барлық студенттеріне Ирина Ивановна Лиховец би аэробикасынан шеберлік сыныбын өткізді. Ирина Ивановна трансляцияны 710 аудиториядан жүргізіп, студенттер үйлерінде бейнекамераны қосу арқылы оның соңынан барлық іс-қимылдарды қайталап отырды. Барлық қатысушылар пайдалы да тамаша өткізген уақытын жоғары бағалады! Көптеген студенттер осынау кешендеі жаттығуларды өз бетімен орындау керектігін, сонымен бірге осы пайдалы іске өз туысқандары мен жақындарын да тарту дұрыс болады деп шешкендерін айтты.


Сондай-ақ бірінші және екінші курс студенттерінің ішінде Отанды қорғаушылар күніне арналған кросс өткізілді: қыздар үшін 500 м қашықтыққа, жігіттер үшін 1 км қашықтыққа жүгіру белгіленді. Бәсекелестік қызу түрде өткізілді: жеңімпаздар бірінен екіншісі санаулы секундтар, тіпті кейде милисекундтар ғана артта болды.


Жігіттер жарысының нәтижелері:


Кросс (юноши)

 

1 орын – Ярматов Исламбек, М-21, 3:13


2 орын – Близнюк Сергей, М-11, 3:40


3 орын – Серекбай Асет, ВМК-11, 3:41

 

Қыздар жарысының нәтижелері:


Кросс (девушки)


1 орын – Снисаренко Ольга, ВМК-11, 1:53


2 орын – Кулеш Регина, Г-11, 2:01


3 орын – Алексеева Наталья, Г-11, 2:04


1s.png


Түрлі дайындық бағыттары бойынша тұтас топтар арасында да жарыстар жүргізілді. Студенттер 100 м қашыққыққа уақыт бойынша жүгірді, одан соң судьялар әр топтан жігіттер мен қыздар ішінен 3 үздік нәтижені анықтады. Бұл эстафета Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналды.

 

Жүгірудің нәтижелері:

1 орын – Э-11, 99 с


2 орын – ВМК-11, 102 с


3 орын – М-21, 110 с


4 орын – ВМК-21, 118 с


5 орын – Г-21, 121 с


6 место – Г-11, 128 с


7 орын – Ф-21, 141 с


7 орын – Э-12, 141 с


8 орын – М-11, 158 с


9 орын – Э-21, 167 с


10 орын – Ф-11, 199 с


11 орын – Э-22, 205 с.

 

 

Студенттер кросс пен эстафета бойынша жүгірудің барлық нәтижелерін NikeRunClub қосымшасы арқылы судьяларға салып отырды.


Дене шынықтыру және спорт апталығында бірінші және екінші куср студенттері белсене қатысты. Біз барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!


2s.png

4s.png

5.png