М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
07.06.2021

Филиал студенті Гапизжанұлы Ганди Республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсының жеңімпазы атанды



 


Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы жаратылыстану ғылымдары бойынша өткен 2021 жылғы Республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсының нәтижелері бойынша Филиалдың «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты бойынша 4 курс студенті Гапизжанұлы Ганди «Алматы қаласы атмосферасы ластану сапасының кеңістік дифференциациясының табиғи және антропогендік факторлары» атты ғылыми жұмысы үшін ІІ дәрежелі Дипломға ие болды. Ғылыми жетекшісі – Кречетов Павел Петрович, биология ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы ММУ география факультетінің ландшафт геохимиясы және топырақ географиясы кафедрасының доценті. Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлері ұжымы Гандиді үлкен жеңісімен құттықтайды және жаңа ғылыми табыстарға қол жеткізуіне тілек білдіреді!


[Конкурс туралы нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.