16.06.2021

«Заманауи іргелі және қолданбалы математика мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция


2021 жылғы 4 маусым күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған «Заманауи іргелі және қолданбалы математика мәселелері» атты Халықаралық ғылыми конференция болып өтті.

 

Осы іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған экономика, филология, экология, математика, және Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихы мәселелері бойынша М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасымен бірлесіп өткізген халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың циклын аяқтады.


Конференцияның мақсаты – математика мамандары арасындағы халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту. Конференцияда Қазақстаннан, Ресейден, Өзбекстаннан, Қытайдан, Түркиядан, Германиядан, Ұлыбританиядан, Нидерландыдан, АҚШ, Австралиядан келген математик ғалымдар сөз сөйледі.

 


 
Конференцияны М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы А.В. Сидорович және Филиалдың математика және информатика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Е.Д. Нұрсұлтанов кіріспе сөздермен ашты.


Қошемет сөзінде А.В. Сидорович Филиал өткізіп жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған конференциялардың жоғары деңгейі мен ірі ауқымы туралы атап өтті.


Бұл іс-шараларға Қазақстаннан, Ресейден және басқа да елдерден ғалымдар, республиканың жетекші ЖОО ректорлары, проректорлары, Мәскеу университетінің декандары, кафедра меңгерушілері, ғылыми-зертету орталық өкілдері, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, министрліктің, мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты. Филиал директоры атап өткеніндей, жоғары деңгейдегі математика бағытындағы мамандарды дайындау – Филиалдың маңызды және күрделі міндетінің бірі. Және ол міндетті тек Филиалдың, Мәскеу университетінің және Қазақстан математиктерінің бірлесіп күш жұмсауы арқылы шешуге болады. А.В. Сидорович пленарлық баяндамаларды талқылау барысында Қазақстан математик ғалымдарына Филиал мен Мәскеу университетінің қызметкерлерімен біріге отырып, математика бағытында мамандар дайындау процесін жақсарту туралы ұсыныс жасауын күтетінін айтты.


Пленарлық мәжілісте М.В. Ломоносов атындағы ММУ механика-математика факультетінің деканы, РҒА корреспондент-мүшесі А.И. Шафаревич, М.В. Ломоносов атындағы ММУ есептеу математикасы және кибернетика факультетінің деканының орынбасары профессор В.В. Фомичев, ҚР ҰҒА Математика және математикалық модельдеу институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі М.А. Садыбеков, ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Кальменов, ҚР ҰҒА академигі Р.О. Ойнаров сөз сөйледі.

 

Пленарные доклады


Конференция жұмысында 57 баяндама тыңдалды. Әрбір секцияда ғылыми ізденіс пен терең зерттеудің ерекше атмосферасы орнағаны сезіліп тұрды. Талқылау барысында тыңдаушылар есеп шығарудың әдістері мен қайнар көздеріне ерекше зейін қойып, баса назар аударып отырды. Конференция барысында қатысушылар жаңа есептермен танысты, ол есептер ғалымдардың өзара байланысын күшейтіп, жаңа шығармашылық ынтымақтастықты дамытуға сеп болары сөзсіз. Конференцияға Филиал түлектері де белсене қатысты. Атап өтетін болсақ, конференцияда Регина Булатова, Индира Зейникешева, Бекжан Керімқұлов, Еркін Кітапбаев, Асхат Мұқанов, Медет Нұрсұлтанов, Нұржан Нұрышев өз баяндамаларын оқыды. .


Конференцияның соңында қонақтар, тыңдаушылар мен баяндамашылар ММУ Қазақстан филиалын 20-жылдық мерейтойымен құттықтады. Олар Филиалдың қызметіне білім мен ғылымды дамыту ісінде одан әрі қарай да табысты болуына, жаңа жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізуіне тілектерін білдірді!


[нақтырақ...]