М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
17.06.2021

Филиал студенті Екатерина Валерьевна Сильчина Республикалық студенттер ғылыми-зерттеу жұмысы конкурсында 3 орынға ие болды


 

 

Сильчина К.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жыл сайын жаратылыстану, техникалық сала, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша Республикалық студенттер ғылыми-зерттеу жұмысы конкурсын өткізеді. Студенттер ғылыми-зерттеу жұмысы конкурсы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының базасында өткізіледі.

 

2021 жылғы Республикалық студенттер ғылыми-зерттеу жұмысы конкурсының базалық жоғары оқу орны ретінде Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті белгіленді. СҒЗЖ конкурсы өзінің алдына келесідей міндеттерді қояды:

 

  • студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық әрекетін ынталандыру;

 

  • талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

 

  •  Қазақстан Республикасының зияткерлік потенциалын қалыптастыруға үлес қосу.

 

2021 жылы Республикалық конкурстық комиссия шешімімен «Филология» аталымы бойынша («Лингвистика» секциясында) М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «филология»бағытының 3-курс студенті Екатерина Валерьевна Сильчинаның «Заманауи орыс тіліндегі неологиялық процестер (әлеуметтік линнвистика бойынша «Жыл сөзі» интернет-жобасының материалдары негізінде)» атты жұмысы үшін 3 орын берілді! Ғылыми жетекшісі – Филиалдың филология кафедрасының доценті ф.ғ.к. Г.П. Байгарина.

 

Екатеринаны Республикалық студенттер ғылыми-зерттеу жұмысы конкурсында ие болған жүлделі орнымен құттықтаймыз және одан әрі жаңа табыстарға жетуіне тілек білдіреміз!

 

Диплом


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.