22.06.2021

Филиал студенті Дінмұхаммед Ақпан Республикалық ғылыми -зерттеу жұмыстарының байқауының жүлдегері атанды





М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенті Дінмұхаммед Ақпан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарының жыл сайын өткізілетін Республикалық конкурсының жүлдегері атанды.


Республикалық жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының конкурсы жыл сайын бірнеше кезеңмен өткізіледі. Биыл 5В010900 «математика» мамандығында оқитын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының екінші кезеңі Шәкәрім университетінің базасында (Семей қ.) өтті. Байқау қорытындысы бойынша, комиссия М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Математика» бағытының үшінші курс студенті Дінмұхаммед Ақпанға екінші орынды берді.


Дінмұхаммед «Δl-шарты бар тригонометриялық қатардың Липшиц қасиетінің критерийі» атты ғылыми жұмысы үшін 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жұмыс PhD докторы, Филиалдың математика және информатика кафедрасының аға оқытушысы А.Б.Мұқановтың жетекшілігімен орындалды.


Филиалдың математика және информатика кафедрасының ұжымы Ақпан Дінмұхаммедті қол жеткізген жеңісімен құттықтайды және алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жетістіктер тілейді!