М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
30.06.2021

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналады


2021 жылы әлем жұртшылығы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтуде. Осынау игі көштен М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы да шет қалмайды: осы оқу жылының екінші семестрінде «ХХ ғасырдың Дала Гомерін» еске алуға арналған шаралар өткізілді.


Жамбыл


Жамбыл Жабаев ақын-импровизатор, айтыс қазақ халқының төл өнерінің хас шебері ретінде Қазақстан тарихында, қазақ халқының поэзиясында тұтас бір дәуірді білдіреді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Жамбылды 20 ғасырдың Дала Гомері деп атауға болады. Оның айбынды тұлғасы, алыстағы өткенді бүгінмен үйлестіре отырып, ол мәңгі қазақ әдебиетінің ең биік шыңдарының бірі болып қалады. Ол бізге және қазақстандықтардың болашақ ұрпақтары үшін қазақтардың ежелгі ақындық мәдениетінің мұрасын сақтап қалды, ол өзі тамаша меңгерген жүздеген мың поээзия туындаларын жатқа білді. Жамбыл өз дәуірінің жалынды және шынайы әншісі болды».


Сонымен қатар студенттер де ақын Жамбылдың қонақтар мен қатысушылар алдында «Отанда сүй!», «Шәкірт балаларға», «Жаз», «Жеңіс пен шаттық», «Тауда», «Сәлем берем Москваға!» өлеңдерін оқыды.


  


Профессор Н.Ж. Құрман сонымен қатар «Математика» және «Қолданбалы математика және информатика» бағыттарының студенттерімен Жамбылға арналған фильмдерді тамашалады. Бірінші фильм «Жамбылдық жас шағы» (1996) деп аталады. Фильмде ақынның қалыптасуы, оның азаматтық гуманистік принциптерінің қалыптасуы туралы идея берілген. Ел арасындағытатулық пен тыныштық, бейбіт өмір сақталуы үшін Жамбыл өзінің алғашқы махаббатынан бас тартады жәнеол сезімін өмір бойы өз жүрегінде сақтайды.


Басты кейіпкер жас Жамбылдың образын белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабеков сомдаған.


Студенттердің өздері атап өткендей, «Жамбылдың жастық шағы» атты фильмін көру мен талқылау терең әсерде қалдырды. Олар Жамбыл Жабаевты ұлы ақын ретінде ғана емес, жақын адам ретінде де таныды; студенттер Жамбылдың азаматтық борышын жеке бақытынан жоғары қоятынын түсінді.




Көрсетілім аяқталған соң 1 курс студенті Зарина Елеукина «Жамбыл Жабаев» викторинасын өткізді.


Филология кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Мауленова Г-21 тобында «Жамбыл – импровизатор, айтыс ақыны» атты ашық сабақ өткізді. Мұғалім ақын-импровизатордың өмірі мен шығармашылығы туралы айтты, ал студенттер өздері дайындаған Жамбыл Жабаев туралы әсерлі презентациялар көрсетті. Әсіресе, шараға қатысушыларға ақын Жамбыл әйгілі ақынға айналдырған «Жамбыл мен Құлмамбеттің айтысы» ұнағанын студенттер ерекше атап өтті.




«Экономика» бағытының 1 курс топтарында аға оқытушылар К.М. Кажибаева мен Г.К. Мауленова бірлескен сабақ өткізді. Сабақта ақынға арналған деректі және көркем фильмдердің үзінділері пайдаланылды. Студенттер өз бетімен презентация дайындады, әйгілі ақын шығармашылығынан алған әсерлерімен бөлісті. Сабақ соңында қатысушылар «Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы» кроссвордын шешіп, сұрақтарға жауап берді.




Сонымен қатар, «Филология» бағытының 2 курс студенттерімен «Ленинград. Блокада. Ерлік поэзиясы. Жамбыл» «Ленинградтық өренім!» тақыпрыбында сабақтар болйып өтті.

 

Сабақ барысында студенттер ақынның өмірбаянымен, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармашылығымен танысты. Оқытушылар 1941-1945 жылдардағы поэзия биігі саналатын «Ленинградтық өренім» поэмасының мазмұныдық ерекшеліктері мен маңызы туралы айтып берді.

Филология студенттері «Ленинградтық өренім» өлеңін оқып, алған әсерлерімен бөлісті, содан кейін студенттерге «Жамбыл Жабаев поэзиясының інжу-маржаны» тақырыбында эссе жазу тапсырылды.

Осындай көрнекті іс-шаралармен «Жамбыл апталығы» аяқталды. Барлық іс -шаралар онлайн режимінде жүргізілгенімен, студенттер көп нәрсені үйренді және ұлылық сарынын сезінді. Осындай іс-шаралар Қазақстанның жас ұрпағының жүрегінде Дала Гомерінің поэзиясының рухы өмір сүруіне тірек болады!

 

[толығырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.