06.09.2021

Филиал студенті – International Mathematics Competition – 2021 олимпиадасының жүлдегері


2021 жылдың 2-8 тамызы аралығында математикадан ірі халықаралық студенттер олимпиадасы – International Mathematics Competition (IMC) Халықаралық математика сайысы онлайн түрде өтті. Осы олимпиадада М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, университетіміздің студенттерінің ғылыми жетістіктері қазынасына қола медаль қосылды!




Америка университеті мен Лондон университетінің колледжі өткізген Болгариядағы (Благоевград) олимпиадаға 113 университеттен 589 студент қатысты. Іс-шараның негізгі бөлігі екі турда өтті; әр турда қатысушылардың 4 есептен шығаруы тиіс болды. Осы олимпиада туралы кең түрде мына сілтемеден біле аласыз (https://www.imc-math.org.uk/).


Олимпиадада біздің Филиалымыздың атынан «Математика» бағытының студенттері Филипп Денисов (ММ-31 тобы) мен Артем Шварев (ММ-21 тобы) қатысты. Филипп Денисов қола жүлдегер атанды.




Біз студенттеріміздің жетістіктерін мақтаныш етеміз, сонымен бірге олардың одан әрі ғылыми және шығармашылық табыстарға қол жеткізуіне тілегімізді қосамыз!


Certificate