М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
02.10.2021

Филиал оқытушылары университетте ағылшын тілін оқыту бойынша халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн конференцияға қатысты


2021 жылдың 22-24 қыркүйегі күндері филология кафедрасы ағылшын тілі секциясының оқытушылары М.В. Ломоносов атындағы ММУ Ағылшын тілі мұғалімдерінің лингвистикалық ассоциациясының (LATEUM) 30 жылдық мерейтойына арналған ЖОО-да ағылшын тілін оқыту мәселелері бойынша «Language, Communication, Society: Current Challenges and Beyond» атты XIV Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн конференциясына қатысты.


Ағымдағы жылы бұл конференция Мәскеу университетінің филология және экономика факультеттерінің ынтымақтастығының нәтижесінде ұйымдастырылды. Конференцияның бағдарламасында Ресей, Қазақстан, Италия, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Сербия, Болгария, Түркия, Марокко, Армения, Украина, Косово және тағы басқа, жалпы саны 13 елден келген 150-ден астам баяндама қамтылған.

 

Конференцияның аудиториясы 200-ден астам тыңдаушымен толықты. Конференцияның ашылуында филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор А.А.Липгарт құттықтау сөзін сөйледі; сонымен қатар LATEUM ассоциациясының президенті, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Е.В. Михайловская; LATEUM қауымдастығының тең құрылтайшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Б.Гвишиани; ағылшын тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор О.В. Александрова құттықтау сөздеін айтты.

 


(LATEUM конференциясының салтанатты ашылу жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=KZlJCwVVnRE сайтында қолжетімді).


22 қыркүйек күні филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Р.Сулькарнаева «ELT материалдарын дамыту: дәстүрлі және инновация» секциясы аясында «Қазақстандық мектепте ерте ағылшын тілін оқыту: мифтер мен фактілер» атты ауызша баяндама жасады.

23 қыркүйекте доцент А.Р.Сулькарнаева мен аға оқытушы Н.Л.Сулятецкая «Ағылшын тілі секторы: өткені, бүгіні және болашағы» атты әдістемелік материалдармен баяндама жасап, ММУ Қазақстан филиалындағы ағылшын тілі оқытушыларының Мәскеу университетіндегі әіптестерімен табысты ынтымақтастық құру нәтижесінде жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келе жатқандығы жөнінде баяндады.


Конференция барысында ағылшын тілі секциясының оқытушылары конференцияның басқа да отырыстарына қатысып, әдістемелік жаңалықтарды тыңдап, талқылауларға қатысты.


24 қыркүйекте конференцияның жабылу салтанаты болып өтті https://www.youtube.com/watch?v=xbsJx-wj7OE). Конференция жұмысының қорытындысы бойынша оқытушылар А.Р.Сулкарнаева мен Н.Л.Сулятецкая спикер сертификаттарына ие болды.





© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.