8-9 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында «МедИАЦия» бағдарламасының қорытынды кезеңі аясында М.В. Ломоносов атындағы ММУ жанындағы посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен (ММУ АТО) апталық болып өтті. Онда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алаңында дөңгелек үстел және шеберлік сабақтар топтамасы ұйымдастырылды.
«МедИАЦия» халықаралық бағдарламасының мақсаты – Орталық Азия мен Ресейдің жаңадан бастап жатқан және қазіргі қызмет етіп жүрген журналистер мен талдаушыларды даярлау және олардың кәсіби дағдыларын жетілдіру.
8 қазан күні «Ресей мен Қазақстанның ашық диалогы: журналистика, медиа және форматтар» атты дөңгелек үстелдің ашылуында М.В. Ломоносов атындағы ММУ АТО директоры Д.Ю. Чижова, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің аға кеңесшісі Ю.Ю. Мельник, Россотрудничество өкілдігінің басшысы К.П. Воробьев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Г.Т. Мерзадинова, «Россия сегодня» өкілдігінің басшысы В.С. Панов, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович қатысты.
Александр Владимирович өз сөзінде біздің елдеріміз бен халықтарымыздың дамуы үшін ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықтың орасан зор маңызын айтып, әсіресе, Мәскеу университеті мен Қазақстан Республикасы арасында ғылым-білім беру салаларында қалыптасқан достық, берік, уақыт сынынан өткен байланыстарды ерекше атап өтті.
Осы жылы да жақын қарым-қатынастың шынайы көрінісі 20 жыл бұрын ММУ Қазақстан филиалының ашылуы болды. Александр Владимирович Филиал биыл ғана өткізілген маңызды шаралар туралы айтып, ол игі істердің, түптеп келгенде, Еуразия кеңістігінде мәдени, ғылыми, білім беру және жастар ынтымақтастығын дамытуға ықпалын тигізетініне ерекше тоқталып өтті. Бұл - Мәскеу университетінің барлық филиалдарының жас көшбасшылары мен жас зерттеушілері қатысқан «Еуразия – ынтымақтастық, бейбітшілік және келісім кеңістігі» атты Еуразиялық жастар форумы, бұл - 14 елдің беделді қоғам және мемлекет қайраткерлері, көрнекті ғалымдары баяндама жасаған экономика, математика, филология, экология, тарих ғылымдарының өзекті мәселелері бойынша өткізілген 5 ірі халықаралық ғылыми конференциялар.
9 қазанда Филиалдың студенттері мен магистранттары көрнекті ресейлік және қазақстандық журналистердің күндізгі практикалық шеберлік сабақтарына қатысты.
Қошемет сөзбен М.В. Ломоносов атындағы ММУ АТО-ның бас редакторы А.А. Перминова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Г.Т. Мерзадинова, М.В. Ломоносов Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович сөз сөйледі.
Шеберлік сабақтарын «Россия 24» телеарнасының арнайы тілшісі А.Г. Лукьянов; ММУ РАНХиГС, МГИМО аға оқытушысы, Ресей-Ислам әлемі» стратегиялық көзқарасы тобының кеңесшісі А.А. Беликова; «Toppess» ақпараттық порталының бас редакторы С.О. Ворожейкина жүргізді.
Барлық қатысушыларға ММУ АТО сертификаттары мен имидждік өнімдері табыс етілді.
Фото: ИАЦ МГУ