2021 жылғы 13 қазанда М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында бірінші курстықтарға студенттік билеттерді тапсыру рәсімі болып өтті.
Осы салтанатты шараны ашқан Филиал директоры А.В. Сидорович: «Студенттік билет – сіздің Мәскеу университетінің үлкен студенттер қауымдастығына жататындығыңызды білдіретін жаңа құжатыңыз. Сіздер Филиалға білім алу үшін, білімді адам болу үшін келдіңдер. Сіздің алдыңызда өзіңізді, шығармашылық және ғылыми әлеуетіңізді дәлелдеу, қоғамда лайықты орын алу міндеті тұр. Сұрақ қоюдан қорықпаңыз және қиын мәселелердің шешімін іздеуден тайсалмаңыз, сіздердің қолдарыңыздан бәрі келеді. Сізді алдарыңызда тамаша уақыт, жақсы оқиғаларға толы өмір күтіп тұр. Студенттік куәліктеріңізбен мақтаныңыз және Мәскеу университетінің студенттері атағын абыроймен алып жүріңіз!» – деп баталы құттықтау сөзін айтты.
Осыдан былай қарай бірінші курс студенттері үшін Нұр-Сұлтан мен Мәскеудегі Мәскеу университетінің барлық есігі ашық. Құттықтаймыз!