26.10.2021

ММУ Қазақстан филиалының доценті А.Р. Сулькарнаева «Қазіргі лингвистикалық теориялар және шет тілдерін оқыту әдістемелері» атты XI халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысты


Сулькарнаева А.Р.

Фото: gsu.by


2021 жылғы 22 қазанда филология кафедрасының доценті А.Р. Сулькарнаева Франциск Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университетінің шет тілдері факультеті ұйымдастырған «Қазіргі заманғы лингвистикалық теориялар және шет тілдерді оқыту әдістемесі» атты ХI халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында пленарлық мәжілісте бірінші болып «Қазақстандағы көптілді білім беру: парадигмалар мен перспективалар» тақырыбында баяндама жасады.




Конференцияға келесі университеттерден спикерлер қатысты: Ф.Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университеті (Беларусь), М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы (Қазақстан), Мәскеу мемлекеттік облыстық университеті (Ресей), Минск мемлекеттік лингвистикалық университеті (Беларусь), University of Valladolid (Испания), University of Novi Sad (Сербия), Sam Houston State University (АҚШ) және т.б.

Конференцияда түрлі елдердегі көптілді білім беру, ағылшын тілі оқытушысына сұраныс, цифрландыру дәуіріндегі оқытушылардың халықаралық ынтымақтастығы, тіл мамандықтары студенттерін лингводидактикалық оқыту, заманауи дискурс, мектептегі оқушылар мен университеттердегі студенттерге тілдерді оқытуды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.



Мәтін: Филология кафедрасы

Фото: Филология кафедрасы; Франциск Скарина атындағы ГМУ




Франциск Скарина атындағы Гомель мемлекеттік университетінің веб-сайтындағы конференция туралы мақала: https://www.gsu.by/index.php/ru/node/4809