2021 жылғы 29 қазанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Тенгри» әдеби клубының осы оқу жылындағы бірінші кеңейтілген отырысы өтті.
Бірінші кездесудің құрметті қонағы Қазақстан филиалының ескі досы, Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің өкілі К.П. Воробьев болды. Жиын тақырыбы «Адресованная лирика» деп аталды. «Тенгри» әдеби клубының үйлестірушісі Г.И. Власова студенттерге ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған ең жақсы өлең (ән) байқауы жарияланғанын хабарлады. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік туындылар студенттердің «Филиада» газетінде жарияланады.
Г.И. Власова Мәскеу университетін өлеңмен және әнмен дәріптеудің тамаша дәстүрі бар екенін, Мәскеу университетінің сайтында жарияланған «ММУ поэзиясы: Ломоносовтан бастап ...» 8 томдық жинағының жарық көргенін айтты. Онда ақындар мен ММУ әр кезеңінде білім алған студенттердің туындылары сақталған. Сондай-ақ Галина Ивановна «Қазақстан филиалының 10 жылдығына орай Тенгри» әдеби клубы шығарған «Жырлаймын сені, Филиалым!» атты жинағын жиналғандар назарына ұсынды.
Кездесудің құрметті қонағы К.П. Воробьев студенттерге «Филиалға 20 жыл» деген фраза рифмделген өзінің өлеңін оқып берді. Ол сондай-ақ, байқауды қолдауға, ең дарынды жас ақындарға бағалы кітаптар мен сыйлықтар тарту етуге уәде берді. К.П.Воробьев мәжіліске қатысушыларды Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің қолдауымен өтетін поэзия баттлдарына, Ұлттық бірлік күніне арналған концертке және Әулие Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталығындағы көрмеге шақырды.
Отырыстың жалғасында филология кафедрасының оқытушылары Т.В. Кривощапова мен А.В. Семенова сөз сөйледі. А.В. Семенова ода жанрына, оның авторларына, ерекшелігі мен құрылымына тоқталды. Т.В.Кривощапова Марина Цветаеваның лирикасынан хабар жанрының мысалдарын келтірді. «Филология» бағытының 2 курс студенттері Иксанов А., Нурбаева К., Жакупова Ж., Постнова Е., Морозов Д. және Кузнецова А. ақын Марина Цветаеваның адресанттарына арналған өлеңдерін оқыды.
Жиынның қорытынды бөлімі «Тенгри» клубының төрағасы, «Филология» бағытының 4-курс студенті Д. Фогельдің шеберлік сыныбы форматында өтіп, ақын жаңа бастап жатқан жас ақындарға кеңестер берді. Дарья: «Байқау аясында ешқандай қатаң шектеулер жоқ – мүмкін емес ештеңе жоқ», – деп атап өтті.
Баршаңызды байқауға қатысуға, сонымен қатар «Тенгри» әдеби клубына қосылуға шақырамыз. Байқау 2021 жылдың 15 қазаны мен 15 қарашасы аралығында өтетінін естеріңізге саламыз.
Фотоларды Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі ұсынды