2021 жылғы 15 қараша мен 24 қараша аралығында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында дәстүрлі ағылшын тілі апталығы онлайн режимінде өткізілді. Биылғы жылы Апталық Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығы мерейлі мерекелеріне арналды.
Апталық аясында келесі іс-шаралар өткізілді: The Art of Words әдебиет қонақ бөлмесі; ең зейінділерге арналған How erudite are you? викторинасы; GeoGuesser географиялық викторинасы; Spelling Competition интеллектуалдық сайысы; Intelligence Boost онлайн ойыны және My Branch академиялық эссе байқауы.
15 қарашада доцент А.Р. Сулқарнаеваның жетекшілігімен «Филология» мамандығының 4 курс студенттері The Art of Words әдебиет қонақ бөлмесін өткізіп, қатысушылар ағылшын тілінде мәнерлеп оқу және ән айту қабілеттерін көрсетті.
Shakespeare`s favorite номинациясы бойынша қатысушылар У.Шекспирдің сонеттерін мәнерлеп жатқа айтты. Бұл номинация бойынша Д. Фогель (Ф-41 тобы), А. Ли (М-11 тобы), В. Белова (Е-11 тобы) жеңімпаз атанды.
Descendant of Byron номинациясына қатысушылар ағылшын тіліндегі көркем әдебиеттен поэзия мен прозалардан үзінділер оқыды. Бұл жарыста жеңісті Э. Дуцинин жеңіп алды (Ф-11 тобы); екінші орын қазылар алқасының шешімімен Қ. Нұрбаеваға (Ф-21 тобы); үшінші орын – А. Иксановқа берілді (Ф-21 тобы).
Singer of the Century номинациясы бойынша студенттер ағылшын тілінде аса танымал және заманауи әндерді орындады. Бірінші орынды А. Бисембай (М-11 тобы); екінші орынды А. Әлімбай (ВМК-21 тобы), ал үшінші орынды ағылшын тілі апталығының ең белсенді қатысушысы А. Иксанов (Ф-21 тобы) иеленді.
16 қарашада How erudite are you? онлайн-викторинасы өткізілді. Онда студенттер мен магистранттар мәдениет, спорт, музыка және әдебиет салалары бойынша өздерінің эрудицияларын көрсетті. Викторинаны доцент А.А.Аймолдинаның жетекшілігімен «Экономика» бағытының 1 курс студенттері дайындады. Онлайн-викторинаға қатысушылар өздерінің ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын шыңдап қана қоймай, өмірдің әртүрлі салалары бойынша сөйлеу тілін жетілдіру бағытында жаңа білім алды. Викторинаның жеңімпаздары – А. Саликов (ВМК-11 тобы), (ЭМ-11 тобы), А. Бежнар (ВМК-11 тобы).
17 қарашада аға оқытушы Н.Л.Сулятецкаяның жетекшілігімен «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 2 курс студенттері дайындаған GeoGuesser зияткерлік викторинасы өткізілді. Ойынның бес кезеңінен өткен соң жеңімпаздар анықталды, олар: А. Иксанов (Ф-21 тобы) бірінші орында; А. Нұрғалиева (Г-21 тобы) екінші орында; А. Жақсыбаева (Г-21 тобы) үшінші орында.
18 қарашада оқытушы Л.А.Задорожнаяның жетекшілігімен«Экономика» мамандығының 2 курс студенттері «Ағылшын тілі апталығының» белсенділерін Spelling Competition зияткерлік сайыс өткізді. Бұл шара жыл сайын сауаттылығы мен эрудициясы ең жоғары деңгейдегі қатысушыларды жинайды, өйткені сөздер мен анықтамалар халықаралық жүйедегі ең озық деңгейлер – тек С1 және С2 деңгейлері бойынша сөздік қордан таңдалады.
Қатысушылардың барлығы дерлік тапсырмаларды тамаша орындады, бірақ ағылшын тілін өте жақсы меңгерген бес мықты студент қана екінші айналымға өтті. Олардың ішінде «Математикалық модельдеу» бағдарламасының бакалавриат 1 курс магистранты О. Ли жеңіске жетті. Екінші орынды «Экономика» бағытының 2 курс студенті С. Гасанова лайықты жеңіп алса, үшінші орынды «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 2 курс студенті К. Каракулев иеленді. Өткізілген іс-шараның барлық көрермендері мен қатысушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, өз білімдерін бұдан да жоғары деңгейде көрсетуге және келесі жылы жүлделі орындарға жетуге уәде берді.
20 қарашада аға оқытушы Г.С.Давлеткалиеваның жетекшілігімен «Экономика» бағытының 2 курс студенттері дайындаған Intelligence Boost ойыны өткізілді. Қызығушылық танытқан барлық студенттер мен магистранттар танымдық және ойын-сауық викторинасына қатысты. Викторина үш турдан тұрды. Әр турда төрт мүмкін жауаптары бар сұрақтар берілді. Ойынға қатысушылар жоғары белсенділік танытып, география және тарих пәндері бойынша эрудиция мен білімдерін көрсетті. Нәтижесінде, ең көп ұпай жинаған үш ойыншы жеңімпаз атанды, олар: бірінші орын – М. Қорғанбек (ЭМ-11 тобы); екінші орын – Д. Қасымбеков (Г-21 тобы); үшінші орын – В. Темірханова (Э-22 тобы).
Ағылшын тілі апталығы My Branch (Менің филиалым) академиялық эссе байқауымен аяқталды Эссе мазмұнында студенттер мен магистранттар ММУ Қазақстан филиалының өз өмірлеріндегі орны туралы айтты. Ағылшын тілі секциясының меңгерушісі А.Р.Сулқарнаева атап өткендей, академиялық эссе – арнайы білімді және талаптарды (сауаттылық, лексикалық деңгей, стиль, құрылым) сақтауды қажет ететін ерекше жанр. Қазылар алқасының – Қазақстан филиалының ағылшын тілі пәнінің оқытушыларының қарауына студенттер мен магистранттардан 99 эссе ұсынылды. Көптеген студенттер мен магистранттардың өз оқиғаларымен бөліскісі келетіні, альма-матердің олардың өміріндегі рөлі туралы ойларын ортаға салғысы келетіні қуантады. Қазылар алқасына ең жақсы жұмысты таңдау қиын болды. Нәтижесінде А. Белякова (Е-21 тобы), Ю. Пак (ВМК-21 тобы), Д. Вишневский (Ф-11 тобы) жеңімпаз атанды.
Ағылшын тілі апталығының жабылуында қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша, ММУ Қазақстан филиалыны профессоры Г.И. Власова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстандағы кіші Мәскеу университетінің – Қазақстан филиалының 20 жылдығына орай өткізіліп жатқан барлық іс-шараларда студенттер мен магистранттардың белсенділігі жоғары екенін, дайындық деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, ағылшын тілі апталығын ұйымдастырушы-студенттерге және қатысушыларға белсенділіктері үшін алғысын білдірді, сондай-ақ ағылшын тілі секциясы оқытушыларының кәсіби шеберлігін атап өтті. Апталыққа қатысушылар ағылшын тілін меңгергендігін көрсетуге, У.Шекспирдің, К.Диккенстің және әлем әдебиетінің басқа да данышпандарының тілінде жаңа және қызықты нәрселерді білуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.