2021 жылғы 26 қарашада ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасының оқытушылары ММУ филология факультетінің шетелдік студенттерге арналған орыс тілі кафедрасының 30 жылдығына және Мәскеу университетінде орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың 70 жылдығына арналған «Орыс тілі шет тілі ретінде: кеше, бүгін және ертең» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.
Филология кафедрасының меңгерушісі Г.И. Власова конференцияның пленарлық мәжілісінде ұйымдастырушыларға арналған құттықтау сөз сөйледі.
Профессор өз сөзінде филология факультетінің шетел студенттеріне арналған орыс тілі кафедрасының мамандарына Қазақстан филиалында «Орыс тілі шет тілді аудиторияда» магистратура бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Осы бағдарламаны игерген Филиалдың магистратурасының түлектері Мәскеу университеті филология факультетінің дәстүрлерінің лайықты жалғастырушысы болып қала беретініне сенім білдірді.
Г. И. Власова
выразила особую признательность коллегам за активное участие в Международной научно-практической конференции «Филологическая наука в образовательном пространстве современного Казахстана», посвященной 30-летию Независимости Республики Казахстан и 20-летию Казахстанского филиала МГУ. Она также отметила, что выступления преподавателей Московского университета на Осенних школах русистики – традиционном научно-практическом семинаре для учителей-русистов Казахстана – всегда получают живой отклик у аудитории и сердечную благодарность. В завершение своего выступления профессор Г. И. Власова от имени кафедры филологии Казахстанского филиала Московского университета поздравила кафедру русского языка для иностранных учащихся филологического факультета и лично заведующего кафедрой профессора Л. В. Красильникову с юбилейной датой и пожелала дальнейшего развития и процветания всему коллективу кафедры.
Филология кафедрасының аға оқытушысы М.А. Брянская «Орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі дамыуының заманауи тенденциялары» атты секцияда ММУ Қазақстан филиалында «Филология» бағыты бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламалары аясында «Лингвомәдениеттану» пәнін оқытудың ерекшеліктері туралы баяндама жасады.
ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасы мәскеулік әріптестеріне осындай маңызды халықаралық конференцияға қатысу мүмкіндігі үшін алғысын білдіреді және Мәскеу университетінің филология факультетінің шетел студенттеріне арналған орыс тілі кафедрасына табыс пен өркендеу тілейді!