М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
14.12.2021

Мәскеу университетінің Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған үздік өлең байқауының қорытындысы


2021 жылғы 15 қазан мен 15 қараша аралығында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Мәскеу университетінің Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған үздік өлең байқауы өткізілді.


Құрамына Мәскеу университетінің және ММУ Қазақстан филиалының жетекші оқытушылары кірген конкурстық комиссия байқау жеңімпаздарын анықтады.


Филиал директорының 2021 жылғы 15 қазандағы № 128-С бұйрығына сәйкес, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталады. 


>>> Байқау туралы бұйрықты ашу


Байқау қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:


1-дәрежелі диплом – «Теңдестер арасында бірінші» өлеңі үшін «Филология» бағытының 2-курс студенті Морозов Данил Сергеевичке берілді;

 

II дәрежелі диплом – «Филиалға ода» поэмасы үшін «Филология» бағытының 1 курс студенті Костишина Диана Михайловнаға берілді;

 

ІІІ дәрежелі диплом – «Білім мен негіздер бастауы» өлеңі үшін «Филология» бағытының 1 курс студенті Ихсанова Алина Сабыржанқызына берілді.

 

Грамоталармен «Филология» бағытының 1 курс студенті Соколовский Александр Игоревич және «Филология» бағытының 1 курс магистранты Еңсебаев Дархан Жабаевич марапатталды.


Біз марапат алған студенттер мен магистранттарды құттықтаймыз және оларға үлкен ғылыми жетістіктер тілейміз!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.