Президент құттықтауын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев оқып берді. Барлық құқықтар қорғалған.
«Құрметті жиын қатысушылары, сіздерді М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының 20 жылдығымен құттықтаймын. Айтулы мерейтой халқымыз үшін тарихи маңызы бар Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Заманауи білім беру жүйесінің тиімділігі біз жүріп өткен үлкен жолдың басты жетістіктерінің бірі болды. ММУ филиалы екі мыңнан астам жоғары білікті мамандарды даярлап, отандық экономиканың, білім мен ғылымның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Филиал қызметі Қазақстан мен Ресейдің жемісті гуманитарлық ынтымақтастығының жарқын үлгісі болып саналады», - дейді Президент.
2000 жылғы 9 қазанда Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің Қазақстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапарында ММУ ректоры, академик В.А. Садовничий мен ҚР Білім және ғылым министрі Қ.Е.Көшербаев Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің базасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалын құру туралы хаттамаға қол қойған болатын.