М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
14.12.2021

Ковидке қарсы Шах және мат! Тәуелсіздік күні құтты болсын!



2021 жылғы желтоқсан айының басында ММУ Қазақстан филиалында кезекті шахмат турнирі өтті. Спорттық іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналды.




Турнирге түрлі бағыт бойынша білім алып жатқан 17 студент қатысты. Барлығы: 13 жігіт және 4 қыз қатысты. Турнирді ұйымдастырушылар бұл жолы «жылдам шахмат» немесе шахматшылардың терминологиясымен айтсақ, рапид форматын таңдапты. Әр партия үшін қатысушыларда 10 минут уақыт қана болды. Бұл, әрине, тез ойлануды қажет етті өйткені ойын барысы шиеленісті болды. Турнирге қатысқан жігіттер мен қыздар өздерінің ақыл-ой қуаты мен икемділігін көрсетіп, әділ «шайқаста» өз бақтарын сынады, ал жеңімпаздар, сөзсіз, «Жүзден озған жүйріктер» болды.





Қыздар арасындағы жарыс нәтижелері келесідей аяқталды: бірінші және екінші орындарды «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 1 курс студенттері К. Ефимович (3 жеңіс) пен Т. Ляшенко (2 жеңіс), үшінші орынды «Экономика» бағытының 1 курс студенті Д. Қамбарова (1 жеңіс) иеленді.




Жігіттер арасында үздік шыққан алты студент өзара жеңіс тұғырын бөлісті: бірінші орын «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 2 курс студенттері Ә. Байшағыров пен Д. Мұртазинге (7 жеңіс); екінші орын «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 2 курс студенті А. Серікпайға және «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 1 курс студенті И. Ковшовқа (4 жеңіс); үшінші орын – «Экономика» бағытының 1 курс студенті А. Абидосқа және «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 1 курс студенті Ж. Шакуге (3 жеңіс) берілді.


Филиалымызда өтетін шахмат турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы Әнуар Байшағыров турнирден алған әсерімен бөлісті:


«Шахмат турнирі өте тартымды болды. Бірінші орынға жету оңай болған жоқ. Мұндай лайықты қарсыластармен шахмат ойнау жиі бола бермейді. Әр қатысушы табандылықпен және абыроймен ойнады. Келесі турнирді асыға күтеміз!»


Барлық қатысушыларға әділ ойын үшін алғыс айтамыз және барлық студенттерді Қазақстан филиалының спорттық өміріне белсенді қатысуға шақырамыз.








© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.