14.12.2021

Қазақстан филиалындағы орыс тілі апталығы


2021 жылғы 19 қараша мен 8 желтоқсан аралығында филология кафедрасы М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған Орыс тілі апталығын өткізді.


Қазақстан филиалындағы Орыс тілі апталығының жаршысы ретінде Михаил Васильевич Ломоносовтың туғанына 310 жыл толуына арналған «Ақын, ғалым және философ, шаруалардан шыққан ақсүйек» атты Ломоносов ертеңгілігі өткізілді. Оған «Филология» және «Қолданбалы математика және информатика» бағыттарының 1 курс студенттері қатысты.


Орыс тілі апталығының жалғасы биылғы мерейтойлық іс-шараларға арналған викториналар мен сайыстарда көрініс тапты.


Нефилологи конкурс


Викториналарға қатысқан «Экономика», «Экология және табиғатты пайдалану», «Математика», «Қолданбалы математика және информатика» бағыты бойынша білім алып жатқан студенттер өздерінің тілдік сезімдерін, лексикографиялық дағдыларын тексеретін, орыс әдеби тілі нормалары бойынша білімін, тілдік танымын сынады. Қатысушылар барлық тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Викторинаның жеңімпазы К. Бауэр болды (ВМ-11), ал Б. Жүнісов (Г-21) 2-орынды, С. Елубай (Г-21) 3-орынды иеленді.


Филологи конкурс

Филологи конкурс


2021 жылы атақты орыс ақыны Н.А. Некрасовтың туғанына 200 жыл толды. Ақынға деген өз құрметтерін Н.А. Некрасов өлеңдерін оқу арқылы «Филология» бағытының студенттері білдірген еді. Мұнда жеңімпаздар тұғырын өзара бөліскендер – А. Ихсанов (Ф-11; «Сонда бұл әзіл ме? Сүйіктім...» өлеңі үшін), Д. Костишина (Ф-11; «Элегия» өлеңі үшін), А. Теміртасова (Ф-11 «Адамгершілікті адам» өлеңі үшін).


2021 жылдың тағы бір мерейтой иесі Ф.М. Достоевскийдің де туғанына 200 жыл толып отыр. Н.А.Некрасов пен Ф.М. Достоевскийдің өмірі мен шығармашылық жолына арналған «фанфик» байқауы өткізілді. Бұл байқауда өзінің жазушылық шеберлігін жарқырата көрсете алғандар қатарында А.Жұмалина (Ф-11) өзінің жазу шеберлігін барынша айқын көрсетті. Ол өзінің «Ақындар арамызда» деген әңгімесін ақын А.Башлачевтің сөзімен қорытындылады.


 

Заседание научного объединения магистрантов Verbum


25 қарашада «Филология» бағыты магистранттарының «Verbum» ғылыми бірлестігінің екінші отырысы өтті, онда ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасының доценті А.А. Аймолдина баяндама жасады. Дәріс тақырыбы: «Ғылыми әдебиеттердің халықаралық базасы». Баяндамашы таңдаған тақырып магистранттар үшін өте өзекті, өйткені алынған ақпарат олардың ғылыми өлшемдік мәліметтер қорымен жұмыс жасау саласындағы білімін кеңейтуге мүмкіндік берді. Дәріс соңы талқылаумен жалғасты, магистранттар баяндама бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

 

2 желтоқсанда «Филология» мамандығының 2 курс магистранттарына арналған «Шет тілдерін оқыту әдістемесі және медиа мәтінді талдаудың лингвистикалық әдістері» атты жыл сайынғы конференциясы өтті. Қатысушылар мен қонақтарды филология кафедрасының меңгерушісі Г.И. Власова қошемет сөзбен қарсы алды. Ол бұл конференцияны ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығы мен ММУ филология факультетінің 80 жылдық мерейтойы жылымен байланыстырып өтті.


Конференцияның модераторлары шетелдік студенттерге арналған орыс тілі кафедрасының доценті, «Филология» бағыты бойынша магистрлік бағдарламалар үйлестірушісі Е.Ю. Николенко және ММУ журналистика факультеті орыс тілі стилистикасы кафедрасының профессоры, «Медиалингвистика» магистрлік бағдарламасының қосалқы үйлестірушісі Н.И. Клушина болды. Магистранттардың баяндамалары қызу пікірталас тудырды, Мәскеу университетінің және Қазақстан филиалының филология кафедрасы оқытушылары Л.А. Нестерская, М.А. Васильченко мен Е.С. Воронова магистранттардың магистрлік диссертация бойынша жұмыс жасау процесіндегі осындай конференциялардың маңызды орын алатынын атап өтті.


Тенгри 


Орыс тілі апталығының қорытындысы ретінде өткізілген іс-шара 8 желтоқсанда онлайн форматта өткізілген «Тенгри» әдеби клубының отырысы болды. Кездесудің негізгі спикері клуб төрағасы, «Филология» бағытының 4 курс студенті Д.Фогель болды. Дарья «Әңгімені қалай жазу керек» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Студенттер отырыста екі тапсырма орындады. Бірінші тапсырма – кездейсоқ іріктелген тірек сөздер мен бірінші сөйлем «Досым, мен саған бір оқиға туралы айтқым келеді» деп басталатын шағын әңгіме жазу. Екінші тапсырма – есімін айтпай-ақ оқиға кейіпкерін суреттеу. Студенттер «оқиға» туралы мәтіндерді жылдам әрі қызықты етіп жазып шықты. Олар осы отырыста барлық қатысушылардың әңгімелерінің кейіпкерлерін болжап, өте риза болысты. Жанрдың канондарын сақтай отырып, Рождестволық әңгіме жазу үйге тапсырма ретінде берілді.