2021 жылғы 7 желтоқсанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Ұлттық экономика» пәні аясында экономика кафедрасының оқытушылары С.Е. Орынбасарова мен Г.Г. Горбач «Экономика» бағытының екінші курс студенттері арасында ғылыми пікірталас ұйымдастырды.
Пікірталас аясында студенттерге талқылауға Ресей мен Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі кезеңіндегі қайта өзгертулердің объективті шарттарының мазмұны мен қайшылықтары, жаһандық COVID-19 індетінің Қазақстан мен Ресейдің ұлттық экономикасына әсері, Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі экономикалық реформалардың мазмұны туралы мәселелер ұсынылды.
Сабақта Қазақстан Республикасындағы заманауи экономикалық саясат мәселелеріне және еліміздің жаңа экономикалық бағыты қалыптасуы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұл сұрақтар «Ұлттық экономика» пәнін оқытудың маңызды қырларының бірі болып саналады.
Студенттер ұсынылған пікірталасқа ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде талқылауға қатысты. Э-21 және Э-22 тобының студенттері берілген мәселелер бойынша өздерінің дәлелді ұстанымдарын келтіріп, байыпты пікірлерін білдірді, талқыланып отырған мәселелер бойынша түрлі көзқарастар бойынша өз көзқарастарын білдірді. Жекелеген мәселелерді талқылау барысында студенттер бір-біріне оппонент ретінде өз ойларын ашық айтып отырды жән өз көзқарастарын негіздеуге және дәлелдеуге тырысты. Күн тәртібінде қойылған мәселелерді талқылау мен пікірталас барысында Д. Нұржанова, Д. Мусалимов, А. Белякова, А. Татина, Е. Егерь, А. Нұрғалиев, Д. Жакупова сияқты студенттер ерекше белсенділік танытты.
Пікірталастың негізгі мақсаты қазақстандық, ресейлік және әлемдік экономикадағы қазіргі тенденцияларды талдау және бағалауда студенттердің жан-жақты ойлауын қалыптастыру болды. М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалындағы «Экономика» бағыты аясында студенттердің болашақта жоғары білікті, бәсекеге қабілетті маман болып шығуы үшін қажетті іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға әрдайым ерекше көңіл бөлінеді.